Павлодар облысы Әкімшілігі Мемлекет басшысының «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауының негізгі ережелерін іске асыру мәселелеріне арналған Интернет-конференция өткізеді.
2009 жылғы 8 қыркүйекте Павлодар облысы Әкімшілігі Мемлекет басшысының «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауының негізгі ережелерін іске асыру мәселелеріне арналған Интернет-конференция өткізеді. Қойылған сұрақтарға жауаптардың барлығы «электрондық үкімет» Порталында ағымдағы жылғы 9 қыркүйекте жарияланады.
- Сұрақтар: 20
- Жауаптар: 16
- 08.09.2009
- 08.09.2009
- Павлодар облысы әкімшілігі
Кайрат 08.09.2009, Сұрақ нөмірі:
Мен шаруа қожалығының басшысымын. «Жайлау» несие беру бағдарламасы жөнінде естідім. Бірақ оның кімдерге, қандай жағдайда берілетінін түсіне алмадым? Ол туралы қайдан білуге болады?
Администратор 08.09.2009
«Ертіс» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының тың жобасы «Жайлау» біздің облысымызда алғашқы рет жүзеге асырылатын болады. Ол аймақтағы мал шаруашылығын дамытуға және халықты жұмыспен қамтуға бағытталған. Қосалқы шаруашылыққа қаражаты жоқ ауыл тұрғындары несиеге қой алып, өсіре алады. Жобаны жүзеге асыруға «Ертіс» компаниясы 50 миллион теңге бөліп отыр. Мал қоятын орны мен жем-шөбінің жағдайына қарап бір несие алушыға 100 бас қой беруге болады. Алған қарызды 2014 жылға дейін белгіленген мөлшердегі төлдермен қайтаруы керек. Жоба табысты жүзеге асырылған жағдайда, қаржы сомасы арттырып, малдың басқа түрлерін де енгізуге болады. Бұдан басқа біз облыстық бюджеттен ауыл тұрғындарына мал өсіру мен егін шаруашылығына және ауылшаруашылығы өнімдерін өңдеу нысандарын салуға шағын несие беру үшін 100 млн. тенге бөлдік. Қазіргі уақытта барлығы 90,6 млн. тенгеге несие алуға ниет білдірген 65 адамның құжаттары қарастырылу үстінде. Толық ақпарат алу үшін облыстық ауылшаруашылығы басқармасына мына телефондар арқылы хабарласуға болады. 32-33-40, 32-32-30.