ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРЫНЫҢ ON-LINE КЕҢЕСІ

Құрметті порталға кірушілер! 2009 жылдың 16 ақпанынан бастап Біз сіздерге «On-line кеңес» жаңа сервисін ұсынудамыз. Сіз кез келген мемлекеттік органға мына мәселелер бойынша: • Қазақстан Республикасының заңнамаларын түсіндіру, • Мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі рәсімдерді түсіндіру, • Қандайда бір жағдай жөніндегі лауазымды тұлға әрекетінің құқықтылығы жөніндегі сұрақтармен қоса басқа да сұрақтарды қоя аласыз. Сұрақтарыңызды барынша қысқа да нұсқа тұжырымдауыңызды сұраймыз, ол кеңесшінің сұрағыңызға дер кезінде жауап беруіне ықпал етеді. Сервисті пайдалану үшін келісімді қабылдап, кеңес алатын мемлекеттік органды тізімнен таңдап, сұрақ қою үлгісін толтыруыңыз қажет. Сіз «Сұрақ мәртебесі» бөлімінде Сұрағыңыз қабылданды ма, жоқ па және мемлекеттік органдардың жауаптарымен таныса аласыз.

  • Сұрақтар: 1531
  • Жауаптар: 45
  • 16.02.2009
  • 31.12.2010
  • ҚР Ауыл шаруашылық министрлігі

Малибекова Меруерт Токкожаевна 12.08.2009, Сұрақ нөмірі:

  • 0

Сәлеметсіздер ме! Менің сұрағым сіздерге күлкілі болуы да мүмкін, бірақ сұрамасқа амалым жоқ. Алматы облысының, Райымбек ауданының, Талды ауылында бір айға жуықтады ауыл тұрғындарының телефон жүйесі істемейді, тек монтердің үйінде ғана істеп тұр, бұл бірінші рет болып отырған жоқ. Айта-айта ауыл тұрғындары да шаршады, кінә кімнен екенін де білмейді. Осы жағдай жөнінде кімнен көмек сұрауға болады? Ауылдағы осындай келеңсіздіктерге қашан тиым болады екен?