Ел басының «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру және іске асыру барысы жөніндегі Қызылорда облысы әкімшілігімен Интернет-конференциясы

Қызылорда облысы әкімшілігі Ел басының «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру және іске асыру барысы жөніндегі Интернет-конференция өткізіп жатыр. Қойылған сұрақтарға жауаптардың барлығы «электрондық үкімет» Порталында ағымдағы жылғы 8 мауысымда жарияланады.

  • Сұрақтар: 27
  • Жауаптар: 24
  • 08.06.2009
  • 11.06.2009
  • Қызылорда облысы әкімшілігі

Рамазан Тайманов 08.06.2009, Сұрақ нөмірі:

  • 0

«Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаменті Қызылорда қаласы Төтенше жағдайлар басқармасы» мемлекеттік мекемесі облыстық халық шығармашылығын дамыту және мәдени-продюсерлік орталығының Әуелбеков көшесі №41 үй, Қорқыт ата көшесі №78 үйде орналасқан ғимараттарының қызметін өрт қауіпсіздігіне сәйкес болмағандықтан уақытша тоқтатуды сұрап сотқа талап арыз берген болатын. Қызылорда мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімімен талап арыз қанағаттандырылған. Ғимараттарды қайта іске қосу үшін өрт-техникалық қауіпсіздігі жабдықтарымен қамтамасыз ету үшін қаржы бөлуге ықпал жасауыңызды сұраймыз.