Ел басының «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру және іске асыру барысы жөніндегі Қызылорда облысы әкімшілігімен Интернет-конференциясы

Қызылорда облысы әкімшілігі Ел басының «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру және іске асыру барысы жөніндегі Интернет-конференция өткізіп жатыр. Қойылған сұрақтарға жауаптардың барлығы «электрондық үкімет» Порталында ағымдағы жылғы 8 мауысымда жарияланады.

  • Сұрақтар: 27
  • Жауаптар: 24
  • 08.06.2009
  • 11.06.2009
  • Қызылорда облысы әкімшілігі

Меңдібаева Айнұр 08.06.2009, Сұрақ нөмірі:

  • 0

Құрметті Болатбек Баянұлы! Облыстық телеарналардан қазақша кинолар мен жастарымызды отансүйгіштікке тәрбиелеп, жақсылыққа жетелейтін, имандылыққа үндейтін бағдарламаларды жиі көрсетіп, шет мемлекеттердің таусылмайтын сериалдарына тыйым салынса деген ұсынысым бар еді.

Администратор 09.06.2009

Шетелдік телебағдарламаларды тарату қолданыстағы заңға сәйкес реттеледі. ҚР «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Заңының 14-бап 3-1 тармағына сәйкес Шетелдiк БАҚ-ның теле және радио бағдарламаларын ретрансляциялау телерадио хабарларын тарату арналар арқылы берiлетiн хабарлардың жалпы көлемiнiң жиырма процентiнен аспауға тиiс. Бүгінгі таңда облыста екі телеарна жұмыс жасайды. Олар облыстық «Қазақстан-Қызылорда» («Қазақстан» ұлттық телеарнасының облыстағы филиалы), тәуелсіз «Қоғам ТВ» («Қызылорда» қоғамдық телерадиокомпаниясы» ЖШС-гі) телеарналары. Аталмыш телеарналар ҚР «БАҚ туралы» Заңға бағынады және оны орындайды. Ерекше атап өткен жөн, мемлекеттік ақпараттық саясаттың негізгі бағыттарының бірі – жастарды патриоттыққа тәрбиелеу мәселелерін ақпараттандыру. Осы орайда, аймақтағы «Қазақстан-Қызылорда», «Қоғам ТВ» телеарналары мен «Сета» радиосы және «Ақпарат kz» газеті мемлекеттік ақпараттық саясат аясында жастарды патриоттыққа тәрбиелеуге арналған арнайы мемлекеттік тапсырысты орындауда. Жалпы, сіздің облыстағы телеарналарға қатысты қойған сауалыңыз телеарна басшыларына ұсынылды және алдағы уақытта Сіздің бұл ұсынысыңыз ескерілетін болады.