Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдардың қатысуымен шағын және орта кәсіпкерліктің мәселелері бойынша интернет – конференциясы

Қазақстан Республикасындағы шағын және орта бизнестің бизнес климатты жақсарту мақсатындағы Қазақстан Республикасы Премьер-Министірдің № 59-р 2008 жылғы 11 наурызынан Қаулысының негізінде жергілікті атқарушы органдарымен 2008 жылғы 25 наурыз бен 16 мамыр аралығында http://www.e.gov.kz порталында шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мәселелері бойынша Интернет-конференциялар өткізіледі.

  • Сұрақтар: 764
  • Жауаптар: 763
  • 20.03.2008
  • 25.03.2008
  • Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі

Арман Абдикаликов 25.03.2008, Сұрақ нөмірі:

  • 0

Сәлеметсіздер ме!!! Менің сұрағым әлемдік валюта рыногы Форекске байланысты. Форекстен табылған табыс салық төлеуге жатама.Салық төлеуге жатса, салық төлеу қандай жолмен жүргізіледі.Салық комитетінде кім болып тіркелеміз.Табыс жөніндегі декларация қалай толтырылады. Егер, бірінші айда табыспен шығып ол табыстан салық төлесек, ал келесі айда сол табысымыздан айырылып қалсақ,сонда салықты жоқ табысқа төлген болмаймызба?

Администратор 27.07.2008

Резидент заңды тұлғаның жылдық жиынтық табысы салық кезеңi iшiнде Қазақстан Республикасы мен одан тыс жерлерден алынуға тиiс (алынған) табыстардан тұрады (СК 80-б. 1-т.). Тиісінше, заңды тұлғаның шетелде жүзеге асырған қызметінен алған табысы оның жылдық жиынтық табысына қосылады және салық есептілігінде көрсетілуге тиіс. Сонымен қатар, Салық кодексінің 91-бабына сәйкес түзетуге жататын кірістерді қоспағанда, Салық төлеушiнiң Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерлерде төлеген табыс салығының және Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерлерде алған кiрiстерi бойынша табысқа салынатын салық сомасы Қазақстан Республикасында корпорациялық табыс салығын төлеу кезiнде есепке жатқызылады (СК 129-б. 1-т.). Бұл ретте, осы баптың 1-тармағында көзделген есепке жатқызылатын сомалардың мөлшерi салық төлеушiнiң әр мемлекетте алған табыстары бойынша нақты төлеген салық сомасы негiзге алына отырып, әр мемлекет бойынша жеке-жеке анықталады. Есепке жатқызылатын салық сомасының мөлшерi осы табыс бойынша Қазақстан Республикасында Салық кодексінiң 135-бабында белгiленген ставкамен есептелетiндей сомадан аспауға тиiс (СК 129-б. 2-т.). Резидент Қазақстан Республикасы табысқа немесе мүлікке (капиталға) қосарланған салық салуды болдырмау және салық төлеуден жалтаруға жол бермеу туралы халықаралық шарт (осы бапты қолдану мақсатында бұдан әрі - халықаралық шарт) жасасқан шет мемлекеттегі көзден табыс алған жағдайда, тиісті халықаралық шарт талаптарын орындаған кезде резидент шет мемлекетте мұндай табыстарға салық салудан босатуға немесе ішінара салық салуға мүмкіндік алу мақсатында көрсетілген мемлекетте халықаралық шарт ережелерін қолдануға құқылы. (СК 130-1-б. 1-т.). Сонымен қатар, Сіздің жазған жағдаяттарға толық жауап беру үшін жағдайды толықтай көрсетье отырып, тіркеу орны бойынша салық комитетіне немесе Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитетіне жазбаша түрде жүгінуіңіз қажет.