Ел басының «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру және іске асыру барысы жөніндегі Қызылорда облысы әкімшілігімен Интернет-конференциясы

Қызылорда облысы әкімшілігі Ел басының «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру және іске асыру барысы жөніндегі Интернет-конференция өткізіп жатыр. Қойылған сұрақтарға жауаптардың барлығы «электрондық үкімет» Порталында ағымдағы жылғы 8 мауысымда жарияланады.

  • Сұрақтар: 27
  • Жауаптар: 24
  • 08.06.2009
  • 11.06.2009
  • Қызылорда облысы әкімшілігі

Болембаев Канат 10.06.2009, Сұрақ нөмірі:

  • 0

Жалағаш ауданындағы "Жалағаш жаршысы" газетіне Аудандық Әділет басқармасынан №979 21.04.2009 жылы менің "Зияткерлік меншікті қорғау" атты тақырыпта Елбасымыздың Жолдауына сәйкес аудан кәсіпкерлерінің назарына заңнаманы түсіндіру мақсатында берілген болатын. Алайда мақала осы күнге дейін газет бетінде жарық көрген жоқ. Мақаланы жоғалтып алдық , газеттің келесі нөмірі дейді әйтеуір бүгінгі күнге дейін шығарылмады. Мамыр айында жаңа редакцияда жарғысын тіркеуден өткізді, ал оған дейінгі жарғысында авторға 10 пайыз қаламақы төленетіні көрсетілген.Ал қазіргі жарғысы өзгеруіне сайкес мақаланы ақылы деп шығармай отыр. Мақаланы шығармау себебі неде?

Администратор 11.06.2009

Жалағаш аудандық Әділет басқармасының «Зияткерлік меншікті қорғау» атты тақырыптағы мақала аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің 2009 жылғы 13 маусымдағы № 47 санында жарияланатын болады.