Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың 2009 жылғы 6 наурыздағы «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру және іске асыру мәселелеріне арналған Атырау облысы әкімшілігімен Интернет-конференция
Атырау облысының әкімшілігі 2009 жылғы 26 маусымда Мемлекет басшысының «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауының негізгі ережелерін іске асыру мәселелеріне арналған Интернет-конференция өткізеді. Қойылған сұрақтарға жауаптардың барлығы «электрондық үкімет» Порталында ағымдағы жылғы 26 маусымда жарияланады.
- Сұрақтар: 21
- Жауаптар: 21
- 26.06.2009
- 26.06.2009
- Атырау облысы әкімшілігі
Айжамал 26.06.2009, Сұрақ нөмірі:
Сізді осы заманғы басшы деп білеміз. Халықпен етене байланыс көп нәрсені береді. Приемға жазылған аз кісі, немесе списокпен шақырылған адамдардың сөзі ешнәрсе бермейді. Халықпен тікелей кездесуге қалай қарайсыз?
Администратор 26.06.2009
Облыс әкімі ретінде - өзім, орынбасарларым, қала, аудандар әкімдері қай уақытта да халықпен кездесіп жүр, алда да кездесетін болады. Ашық әңгімеден еш уақытта бұлтарып көргенім жоқ.