Мемлекет басшысының «Дағдарыс арқылы жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру және іске асыру барысы бойынша Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігімен Интернет-конференция
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Мемлекет Басшысының «Дағдарыс арқылы жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру және жүзеге асыру барысы бойынша Интернет-конференция өткізіп жатыр. Қойылған сұрақтарға жауаптардың барлығы «электрондық үкімет» Порталында ағымдағы жылдың 18 мауысымда жарияланады.
- Сұрақтар: 27
- Жауаптар: 17
- 18.05.2009
- 19.05.2009
- Министерство обороны РК
Доспан Назімбек 18.05.2009, Сұрақ нөмірі:
Құрметті Даниал Кенжетайұлы! Мен Ұлы Отан соғысының ардагерімін. Ауылды жерде тұрамын. Кейінгі кезде денсаулығым күрт нашарлап кетті, әскери госпиталда емделуге құқығым бар ма?
Администратор 18.05.2009
Әскери қызметкерлердің және отбасы мүшелерінің мәртебесі туралы Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 20 қаңтардағы Заңының №1901-XII. Денсаулық және өмірді сақтау. Медициналық қамтамасыз ету тарауы 13 тармағында «...бірінші кезекте медициналық емделуге Ұлы Отан соғысына қатысушылар құқықты болады» делінген.