Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтің 2009 жылғы 6 наурызғы «Дағдарыс арқылы жаңару мен даму» атты Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру барысы және түсіндіру бойынша Білім және ғылым министірлігінің қатысуымен өткізілетін интернет-конференциясы

2009 жылғы қыркүйектің 3-і күні Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Мемлекет басшысының «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауының негізгі ережелерін іске асыру мәселелеріне арналған Интернет-конференция өткізеді.

  • Сұрақтар: 7
  • Жауаптар: 7
  • 03.09.2009
  • 03.09.2009
  • Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Нұрлыбек А.Т 03.09.2009, Сұрақ нөмірі:

  • 0

Құрметті Министр мырза! Қазіргі кезде тест әдісін енгізу арқылы "көзі ашық, көңілі соқыр" ұрпақ дайындап отырған жоқпыз ба? Ауылдық жерде оқушыға 2 деген бағаның қойылмауы, оқушының кластан-класқа көшпей қалуы сияқты жағдайлардың болмауынан, оқушыны оқуға мәжбүрлейтін тетіктің жоқтығынан білім сапасы оте томен! Онын үстіне өзініз айтқандай сапасыз мұғалімдер (сонғы 10 жыл көлеміндегі) Әрине, білім саласында жетістіктер жетерлік (Халықаралық олимпиада, түрлі ғылыми жобалар, "Болашақ" бағдарламасы) бірак, бұл көрсеткіш белгілі бір проценті ғана. Ал ауылдағы сапасыз мұғалімді шығарып тастадық оның орнына кім барады? Сіздің пікіріңіз... Рахмет!

Администратор 03.09.2009

Еліміздің білім беру жүйесінде бүгінгі күні, жалпы тәуелсіздік алғаннан бергі жылдарда, жүргізіліп отырған реформалардың ең басты мақсаты ұлттық білім беру саласындағы отандық озық тәжірибені дамыту мен әлемдегі тиімді жаңалықтарды енгізу арқылы білім беру сапасын арттыру болып табылады...