Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың 2009 жылғы 6 наурыздағы «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру және іске асыру мәселелеріне арналған Атырау облысы әкімшілігімен Интернет-конференция
Атырау облысының әкімшілігі 2009 жылғы 26 маусымда Мемлекет басшысының «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауының негізгі ережелерін іске асыру мәселелеріне арналған Интернет-конференция өткізеді. Қойылған сұрақтарға жауаптардың барлығы «электрондық үкімет» Порталында ағымдағы жылғы 26 маусымда жарияланады.
- Сұрақтар: 21
- Жауаптар: 21
- 26.06.2009
- 26.06.2009
- Атырау облысы әкімшілігі
Унзила 26.06.2009, Сұрақ нөмірі:
Мен өзім Құрманғазы ауданында туып өсіп, Атырау қаласында 40 жылдың үстінде тұрамын. Қалада өткізіліп жатқан шаралардың бәріне баруға мүмкіншілік болмағанымен, кейбір концерт, спектаклдерге қатынасып, көріп жүрмін. Осындай шаралар арқылы театрдың күрделі жөндеуден өткенін естідік, көрдік. Немере, жиендерімнен кітапхананың жаңа ғимараты салынып жатыр дегенді естідім, туып өскен жерім Ганюшкенге барғанымда жаңадан салынған мәдениет үйін көріп келдім. Бұл біз үшін қуанарлық жағдай. Енді менің сұрайын дегенім облыстағы мәдениет ошақтарын жаңартуға байланысты басқа қандай жұмыстар жүріп жатыр?
Үнзилә, Атырау қаласы.
Администратор 26.06.2009
Бүгінгі күні Атырау облысының мәдениет саласында шешілмей жатқан маңызды мәселелер біртіндеп шешілуде. Өткен жылы Құрманғазы және Мақат аудандарында 400 орындық Мәдениет үйлерінің жаңа ғимараты пайдалануға берілді. Биыл облыстық Ғ.Сланов атындағы кітапхананың жаңа ғимараты маусым айының аяғына дейін беру күтілуде. Н.Жантөрин атындағы облыстық филармонияға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Мемлекет басшысының 2009 жылғы 6 наурыздағы «Дағдарыс арқылы жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауына іске асыру бағытында 2009 жылға арналған іс-қимыл жоспары (Жол картасы) жасақталып, Жол картасына 2009 жылы күрделі жөндеуден өткізуге 3 әлеуметтік-мәдени объекті енгізіліп, қазіргі мезгілде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Олар: Атырау қаласындағы Құрманғазы атындағы Мәдениет сарайы, Исатай ауданының Тұщықұдық селосындағы Мәдениет үйі, Махамбет ауданындағы «Хан ордалы Сарайшық» мұражай-қорығы. Сонымен қатар, алдағы уақытта Жылыой ауданының орталығында Мәдениет үйін, Атырау қаласында концерт залын салу жоспарланып отыр.