Ел басының «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру және іске асыру барысы жөніндегі Қызылорда облысы әкімшілігімен Интернет-конференциясы

Қызылорда облысы әкімшілігі Ел басының «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру және іске асыру барысы жөніндегі Интернет-конференция өткізіп жатыр. Қойылған сұрақтарға жауаптардың барлығы «электрондық үкімет» Порталында ағымдағы жылғы 8 мауысымда жарияланады.

  • Сұрақтар: 27
  • Жауаптар: 24
  • 08.06.2009
  • 11.06.2009
  • Қызылорда облысы әкімшілігі

Маменов Нұрғабыл 09.06.2009, Сұрақ нөмірі:

  • 0

Бүгінде бар қиыншылықтар артта қалып, ата кәсіпті қайта қолға алып жатырмыз. Ендігі балық шаруашылығын дамытудағы облыстың жоспары қандай?

Администратор 11.06.2009

Қазіргі кезде аймақта балық шаруашылығын дамыту мақсатында облыстық комиссия құрылып, облыстағы барлық көлдерді зерттеп, тізімін жасады. Бүгінгі күні облыстағы 50-ден астам көлдерді тауарлы балық шаруашылығын құруға пайдалану жолдарын қарастырудамыз. Аталған көлдерден алдағы уақытта тауарлы балық өсіретін шаруашылықтар мен шабақ өсіретін питомниктер ұйымдастырылады. Осындай шаралардың нәтижесінде алдағы 2-3 жылда Кіші Арал теңізі мен тауарлы балық шаруашылығы көлдерінен ауланатын балықтың көлемі ұлғайып, тұрғындар арзан балықпен және балық өнімдерімен қамтамасыз етіледі. Шығарылған өнім экспортқа жіберіліп, халықтың табысы молаяды. Облыста балық аулау көлемін ұлғайту шараларымен қатар балық өңдеу саласын дамыту бағытында өткен жылы Арал қаласында жылына 6 мың тоннаға дейін балық өңдейтін «Атамекен Холдингі» компаниясының зауыты іске қосылды. Алдағы уақытта балықты тиімді аулау жұмыстарын ұйымдастыруға осы зауыттың басшылары да ат салысуы тиіс. Сонымен бірге, балықшылар да балықтың табиғи қорының молаюына, оны күтіп-баптап өсіруге бірінші кезекте мүдделі екендерін түсінулері керек.