Ел басының «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру және іске асыру барысы жөніндегі Қызылорда облысы әкімшілігімен Интернет-конференциясы

Қызылорда облысы әкімшілігі Ел басының «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру және іске асыру барысы жөніндегі Интернет-конференция өткізіп жатыр. Қойылған сұрақтарға жауаптардың барлығы «электрондық үкімет» Порталында ағымдағы жылғы 8 мауысымда жарияланады.

  • Сұрақтар: 27
  • Жауаптар: 24
  • 08.06.2009
  • 11.06.2009
  • Қызылорда облысы әкімшілігі

Төлегенова Айнұр 09.06.2009, Сұрақ нөмірі:

  • 0

Болатбек аға! Аты әлемге әйгілі ғарыш алаңы – Байқоңыр қаласы біздің территориямызда орналасып, тұңғыш ғарышкерлер біздің жерімізден ұшса да, облыс орталығында ғарышкерлерге арналған бір мәдени ескерткіш немесе саябақ жоқ. Алдағы уақытта ғарышкерлерге арналған нысан салу немесе аллея жасау жоспарыңызда бар ма? Оның үстіне, биыл қазақстандықтардың мұнайды игере бастағанына да 110 жыл екен. Алайда, байқап қарасақ қаламызда мұнайшыларға арналған не ескерткіш жоқ, не саябақ жоқ. Атаулы дата қарсаңында мұнайшыларға арналған аллея немесе сквер салуға бола ма?

Администратор 11.06.2009

Биыл облысымыздың 70 жылдық, қаламыздың 190 жылдық мерейтойы қарсаңында қала ішінде жаңа жобаларды іске асыру жоспарымызда бар. Осы жылы барлық сквер, аллея, парктерге қайта жаңғырту жүреді. Бұл жұмыстарға қаладағы бизнес өкілдерін тартылатын болады. Бұл ретте сіздің ұсынысыңызды ескереміз.