Ел басының «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру және іске асыру барысы жөніндегі Қызылорда облысы әкімшілігімен Интернет-конференциясы

Қызылорда облысы әкімшілігі Ел басының «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру және іске асыру барысы жөніндегі Интернет-конференция өткізіп жатыр. Қойылған сұрақтарға жауаптардың барлығы «электрондық үкімет» Порталында ағымдағы жылғы 8 мауысымда жарияланады.

  • Сұрақтар: 27
  • Жауаптар: 24
  • 08.06.2009
  • 11.06.2009
  • Қызылорда облысы әкімшілігі

Темирбай Камилаев 08.06.2009, Сұрақ нөмірі:

  • 0

Курметти аким! Кызылорда облысына 1 жылдан аса уакыт аким кызметин аткарып келе жатырсыз, халыкка жасаган кызметинизге мын алгыс айткым келеди! Ел басымыздын жолдаган жолдауына сэйкес облыс колеминде кандай озгерис болмак жэне сизге дейинги болган эким М.Кул Мухамед мырза бастаган жобалар эри карай жалагсын таба ма? Мысалы Каланын бас жоспарынын жанадан бекитилуи, Ауыз су мэселесине катысты Абай аудананынан калага скважина бургылап таза сумен камтамассыз ету, Кумкол кениши орналаскан аймакты Кызылорда облысына енгизу (казир Караганды облысына карайды), жэне Сырдария озенинин сол жагалуын игерип жергиликти халыкка уй салуга жер телимдерин болу т.с. мэселелер. Жылумен жэне электр куатымен камтамассыз ететин газтурбиналы электр станциясынын екинши кезени кашан басталмак жэне жергиликти халыкты илеспе газбен камтамассыз ету программасынын баска мэселелери кашан жузеге асырылмак жэне жергилигти халыкты сол жумыстарга тарту жонинде, Бурыныг ЦКЗ орына салынатын картон зауытынын курылысы кашан жузеге аспак Алдын ала конилизге рахмет . С/м Темирбай Камилаев

Администратор 11.06.2009

Қызылорда қаласының бұрынғы бас жоспары 1976 жылы әзірленіп, бекітілген болатын. 2008 жылдың шілде айында Қызылорда қаласының бас жоспарына «Мемсараптама» РМК-нан қорытынды берілді және барлық министрліктерден келісімдер алынып, Бас жоспар заңнама талаптарына сәйкес ҚР Үкіметіне бекітілуге ұсынылды. Үстіміздегі жылдың 18 маусымында ҚР Премьер-Министрі К.Мәсімовте өтетін жиналыста Бас жоспардың тұсаукесері өтеді деп жоспарланып отыр. Содан кейін Қазақстан Республикасы Үкіметінінің отырысында бекітілетін болады. Осыдан 16 жыл бұрын басталған көлемі үлкен су кендерін барлау жұмыстары басталғанымен бүгінгі күнге дейін толық аяқталған жоқ. ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 3 қыркүйектегі № 764 қаулысына сәйкес «Қызылжарма» жер асты су кенін барлау және өндіру жөнінде шешім қабылданып, конкурс өткізілді. Конкурс нәтижесінде «Су жүйесі» МКК-ны 7-9 ұңғыма бұрғылау шартымен жеңімпаз болып танылды. Геологиялық зерттеу мен жұмыстарды атқаруға жоба бойынша 159,927 млн. теңге қаралған. «Қызылорда қаласының тұрғын секторын және жылу энергия көздерін ілеспе газға көшіру» жобасына республикалық бюджеттен барлығы 5,4 млрд.теңге қаржы қаралған. 2008 жылы аталған жобаның екінші кезеңі аясында 94 шақырым төмен қысымды газ құбырлары салынды. Нәтижесінде облыс орталығында 403 көпқабатты тұрғын үй мен 4 мыңнан астам жеке үй газдандыру жүйесіне қосылды. Биылғы жылы 2,1 млрд. теңгеге тағы да 108 көпқабатты тұрғын үй және 12123 жеке үйді газдандырумен 246 шақырым төмен қысымды газ құбырларын салу жоспарланып отыр. Нәтижесінде Қызылорда қаласының көпқабатты үйлері 100 пайыз, жеке үйлердің 80 пайызы газ жүйесіне қосылуға мүмкіндік алады. Бұл жұмыс 2010 жылы да жалғасын таппақ, жоспарда қаралған 2,2 млрд.теңге қаржы аясында «Қызылорда қаласының жылу қуат көздерін және тұрғын үй секторын іліспе газға көшіру» жобасы толық жүзеге асырылатын болады. Құмкөл кеніші орналаскан аймакты Кызылорда облысына енгизу мәселесі ұзақ мерзімге жалға алу жұмыстары жүргізілуде.