Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың 2009 жылғы 6 наурыздағы «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру және іске асыру мәселелеріне арналған Атырау облысы әкімшілігімен Интернет-конференция
Атырау облысының әкімшілігі 2009 жылғы 26 маусымда Мемлекет басшысының «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауының негізгі ережелерін іске асыру мәселелеріне арналған Интернет-конференция өткізеді. Қойылған сұрақтарға жауаптардың барлығы «электрондық үкімет» Порталында ағымдағы жылғы 26 маусымда жарияланады.
- Сұрақтар: 21
- Жауаптар: 21
- 26.06.2009
- 26.06.2009
- Атырау облысы әкімшілігі
Имангалиев Самат 26.06.2009, Сұрақ нөмірі:
Бергей Сәулебайұлы!
Биылғы мектеп бітіруші түлектерімен болған кездесуде Сіз жылына 30-40 жасты шетелде оқытатыныңыз жөнінде шешім қабылдағаныңызды айтқансыз. Мен өткен жылы Атырау облыстық қазақ-түрік лицейін "Үздік аттестатпен" бітіріп, Алматы қаласындағы Қазақстан-Британ техникалық университетінің студенті атандым. Университеттің 1-курсын жақсы аяқтадым. Бірақ арманым шетелде білім алып, осы заманға сай жоғарғы білікті маман болу. Сіздің бастамаңыз менің арманымды іске асыруға мүмкіндік берер еді.
Сол жөнінде толық мағлұмат беруіңізді сұраймын. (қандай шарттар, құжаттар керек? Сонымен қатар шетелге оқуға өз еркімен бе әлде өздеріңіз оқу орнын таңдап бересіз бе?)
Алдын ала рахмет!
Администратор 26.06.2009
Сіздің шетелде жоғары оқу орындарында оқу үшін екі мүмкіншілігіңіз бар. Біріншісі - Республикалық "Болашақ" бағдарламасы бойынша. Ол үшін Республикалық комиссияға қажетті құжаттарыңызды тапсырасыз, конкурсқа түсесіз, егер конкурстан өтсеңіз, "Болашақ" бағдарламасы бойынша оқуға мүмкіндік аласыз. Екінші мүмкіндік - өз қалауыңыз бойынша шетелдік жоғары оқу орнына емтихан тапсыру. Егер қорытындысында шетелдік жоғары оқу орнына қабылдансаңыз, қабылданғаныңыз туралы құжаттарды Облыстық комиссияға тапсырасыз. Комиссия түскен құжаттарды қарап, тиісті шешім қабылдайды.