Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтің 2009 жылғы 6 наурызғы «Дағдарыс арқылы жаңару мен даму» атты Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру барысы және түсіндіру бойынша Білім және ғылым министірлігінің қатысуымен өткізілетін интернет-конференциясы

2009 жылғы қыркүйектің 3-і күні Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Мемлекет басшысының «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауының негізгі ережелерін іске асыру мәселелеріне арналған Интернет-конференция өткізеді.

  • Сұрақтар: 7
  • Жауаптар: 7
  • 03.09.2009
  • 03.09.2009
  • Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Нұркен Тоқаев 03.09.2009, Сұрақ нөмірі:

  • 0

Ассалаумағалейкум Жансейіт аға! Мен Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың салиқалаы саясатын құптаймын. Және "100 мектеп, 100 аурухана" бағдарламасы ойдағыдай жүзеге асып келеді. Сол себепті сізге алғыс айтамын. Жансейіт аға менің сізбен тікелей жүздескім келеді. Сіз біздің әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің филология факультетінде оқығаныңызды білемін. Себебі, мен де қазір сол факультеттің 4-курсында оқимын. Алла разы болсын!

Администратор 03.09.2009

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінде азаматтарды қабылдау кестесі бекітілген. Министрліктің басшылығы немесе құрылымдық бөлімшелердің басшыларымен кездесу осы кестеге сәйкес ұйымдастырылады. Сонымен қатар, ұсыныстарыңызды, пікірлеріңізді жазбаша түрде жолдауыңызға болады.