Павлодар облысы Әкімшілігі Мемлекет басшысының «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауының негізгі ережелерін іске асыру мәселелеріне арналған Интернет-конференция өткізеді.
2009 жылғы 8 қыркүйекте Павлодар облысы Әкімшілігі Мемлекет басшысының «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауының негізгі ережелерін іске асыру мәселелеріне арналған Интернет-конференция өткізеді. Қойылған сұрақтарға жауаптардың барлығы «электрондық үкімет» Порталында ағымдағы жылғы 9 қыркүйекте жарияланады.
- Сұрақтар: 20
- Жауаптар: 16
- 08.09.2009
- 08.09.2009
- Павлодар облысы әкімшілігі
Тұрсықанова Бақытгүл 08.09.2009, Сұрақ нөмірі:
Құрметті Бақытжан Әбдірұлы! Күнделікті БАҚ жаңалықтарынан барлық дерлік ауылдарда мәдениет үйлері салынып жатқандығы туралы естудеміз. Менің білейін дегенім," Жол картасы" бағдарламасы аясында Ленин кентінде (поселок Ленинский) Мәдениет үйі салына ма? Кент үлкен, тұрғындар саны 9 300 адамды құрайды. Алайда кентте не аурухана, не Мәдениет үйі жоқ. Жауабыңыз үшін алдын ала рахмет.
Администратор 08.09.2009
Ленин кентіндегі мұндай сұрақтардың орын алып отырғанын білеміз. Және біздің тарапымыздан тиісті шаралар жасалуда. Аурухананың құрылысын бастауды 2010 жылғы жоспарға енгізу үшін үстіміздегі жылы аталмыш жоба Үкіметтің қарауына жіберілді. Ал мәдениет үйіне келетін болсақ Ленин кентінде қосымша спорт зал ғимаратымен 500 орындық мәдениет ошағының құрылысы жоспарлануда. Жуық болашақта бұл жобаны қаржыландыру мәселесі қаралатын болады.