Мемлекет басшысының «Дағдарыс арқылы жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру және іске асыру барысы бойынша Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігімен Интернет-конференциясы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Мемлекет Басшысының «Дағдарыс арқылы жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру және жүзеге асыру барысы бойынша Интернет-конференция өткізіп жатыр. Қойылған сұрақтарға жауаптардың барлығы «электрондық үкімет» Порталында ағымдағы жылдың 5 қазанда жарияланады.
- Сұрақтар: 28
- Жауаптар: 28
- 01.10.2009
- 01.10.2009
- ҚР Ішкі істер министрлігі
Гүлім Сәденова, Талдықорған 01.10.2009, Сұрақ нөмірі:
Полицияға қалай жұмысқа орналасуға болады? Ішкі істер министрлігінің академиялары кімдерді оқытып шығарады?
Администратор 02.10.2009
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес ІІМ полицияның жетекші қызметтерінің кәсіби ортасын нығайту, оның ішінде бос лауазымдарға білікті мамандарды қабылдау үшін резерв қалыптастыру бойынша жүйелі және ашық жұмыс жүргізу шараларын қабылдауда. Қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес болған кезде кандидаттар кадр резервіне қабылданады, одан әрі, қажет болған жағдайда, ІІМ оқу орындарына жіберіледі. Қызметке немесе ІІМ оқу орындарына оқуға ресімделуде қызығушылық білдіргендер тұрғылықты жері бойынша полицияның кадр бөліністеріне жүгіне алады. Бос орындар, кандидаттарға қойылатын талаптар, қызметке және ІІМ оқу орындарына оқуға қабылдау тәртібі туралы ақпарат жақын арада ІІМ-нің және аумақтық бөліністердің веб-сайттарында орналастырылатын болады. ІІМ Академиясы жоғары және жоғары білімнен кейінгі кәсіби білім беру бағдарламалары бойынша ішкі істер органдары үшін мамандар дайындайды. ІІМ-нің оқу орындарындағы күндізгі оқытудың толық курсы мерзімді әскери қызмет өткеруге теңестіріледі және полициядағы қызмет өтіліне қосылады. Жоғары білім беру бағдарламасы бойынша күндізгі оқытуды аяқтаған адамдарға «құқық қорғау қызметінің бакалавры» академиялық дәрежесі, сондай-ақ полиция лейтенанты арнаулы атағы беріледі.