Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың 2009 жылғы 6 наурыздағы «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру және іске асыру мәселелеріне арналған ҚР Білім және ғылым министрлігімен Интернет-конференция

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі 2009 жылғы 19 маусымда Мемлекет басшысының «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауының негізгі ережелерін іске асыру мәселелеріне арналған Интернет-конференция өткізеді. Қойылған сұрақтарға жауаптардың барлығы «электрондық үкімет» Порталында ағымдағы жылғы 19 маусымда жарияланады.

  • Сұрақтар: 20
  • Жауаптар: 20
  • 19.06.2009
  • 19.06.2009
  • Министерство образования и науки РК

Аман Есіркепов 19.06.2009, Сұрақ нөмірі:

  • 0

Сәлеметсіздер ме! Менің сұрағым "Болашақ" бағдарламасы төңірегінде! Қазіргі уақытта шетелге кететін жастардың мемлекеттік тілді білу деңгейіне қаншалықты назар аударылып отыр?

Администратор 19.06.2009

2008 жылғы "Болашақ" бағдарламасына үміткерлерді іріктеу ережесіне сәйкес, үміткерлер қазақ тілін білуі тиіс. Өткен жылдан бастап үміткерлер арнайы тест тапсырады. КАЗТЕСТ-і ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты мемлекеттік білім стандарттары мен тестілеу орталығы өткізеді. Ол 4 бөлімнен тұрады. Бұл сынақтан өтпегендер келесі турға жіберілмейді.