Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың 2009 жылғы 6 наурыздағы «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру және іске асыру мәселелеріне арналған ҚР Білім және ғылым министрлігімен Интернет-конференция
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі 2009 жылғы 19 маусымда Мемлекет басшысының «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауының негізгі ережелерін іске асыру мәселелеріне арналған Интернет-конференция өткізеді. Қойылған сұрақтарға жауаптардың барлығы «электрондық үкімет» Порталында ағымдағы жылғы 19 маусымда жарияланады.
- Сұрақтар: 20
- Жауаптар: 20
- 19.06.2009
- 19.06.2009
- Министерство образования и науки РК
Талшын Толқынқызы 19.06.2009, Сұрақ нөмірі:
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі жұмыс күні (түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ке дейін) ҚР Президенті Әкімшілігі мен Премьер-Министрі Кеңсесі бекіткен тәртіпке сай белгіленсе, неліктен облыс әкімдіктері, олардың басқармалары, басқа да министрліктердің облыстық департаменттері және өзге атқарушы мемлекеттік органдардың түскі үзіліс уақыты сағат 13.00-ден 15.00-ге дейін. Сонда ҚР Президенті Әкімшілігі мен Премьер-Министрі Кеңсесі бекіткен тәртіптің жергілікті атқарушы органдардың тарапынан сақталмауы ма?
Администратор 19.06.2009
Жергілікті құрылымдық бөлімшелер тікелей министрлікке емес, сол жердің басқарушы органына (яғни, әкімдікке) қарайтындықтан, тағы қайталап айтайын, бұл мәселе министрліктің құзыретіне кірмейді. Әкімдік "Еңбек кодексінде" көрсетілген жұмыс күнінің 8 сағаттық нормасын сақтай отырып, түскі асқа үзіліс мерзімін белгілеуге, ауыстыруға құқылы.