Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың 2009 жылғы 6 наурыздағы «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру және іске асыру мәселелеріне арналған ҚР Білім және ғылым министрлігімен Интернет-конференция
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі 2009 жылғы 19 маусымда Мемлекет басшысының «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауының негізгі ережелерін іске асыру мәселелеріне арналған Интернет-конференция өткізеді. Қойылған сұрақтарға жауаптардың барлығы «электрондық үкімет» Порталында ағымдағы жылғы 19 маусымда жарияланады.
- Сұрақтар: 20
- Жауаптар: 20
- 19.06.2009
- 19.06.2009
- Министерство образования и науки РК
Бегежанов Қуантай Хамитұлы 19.06.2009, Сұрақ нөмірі:
Cәлеметсіз бе Министр мырза!
Менін мемлекеттік қызмет өтілім 1,5 жыл, сонымен қатар ағылшын тілін еркін менгергем. Мемлекеттік қызметкерлерге арналған "Болашақ" бағдарламасы бойынша шет елде оқуыма қандай жеңілдіктер қарастырылған?
Емтихан тапсыру мерзімдері қай уақыт аралығында?
Администратор 19.06.2009
Сәлеметсіз бе! Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу ережесіне сәйкес конкурсқа қатысу сәтінде соңғы 3 жылда мемлекеттік қызметте үзіліссіз жұмыс өтілі бар мемлекеттік қызметші болып табылатын азаматтарға магистр дәрежесін алуға, клиникалық ординатурада оқуға квота қарастырылған. Сіздің еңбек өтіліңіз 3 жылға толмайды, сондықтан ағылшын тілін еркін меңгерсеңіз жалпы конкурс негізінде конкурсқа қатыса аласыз. Конкурсқа құжаттар 1 маусымнан бастап 15 тамызға дейін қабылданады. Барлық қажетті ақпаратты Астана қаласы, Сол жақ жағалау, Тәуелсіздік к-сі, 29/1, «Дипломат» бизнес орталығы мекен-жайында орналасқан “Халықаралық бағдарламалар орталығы” АҚ қызметкерлерінен және +7(7172) 550 124, 550 125, 550 126, 550127 байланыс телефондары арқылы ала аласыз.