Мемлекет басшысының «Дағдарыс арқылы жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру және іске асыру барысы бойынша Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігімен Интернет-конференция
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Мемлекет Басшысының «Дағдарыс арқылы жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру және жүзеге асыру барысы бойынша Интернет-конференция өткізіп жатыр. Қойылған сұрақтарға жауаптардың барлығы «электрондық үкімет» Порталында ағымдағы жылдың 18 мауысымда жарияланады.
- Сұрақтар: 27
- Жауаптар: 17
- 18.05.2009
- 19.05.2009
- Министерство обороны РК
Құсайын Темір 18.05.2009, Сұрақ нөмірі:
Қорғаныс министрі мырза! Балам кішкентай кезінен бастап әскери болуды армандайда, со ұлым биыл орта мектепті бітіргелі отыр. Сізден сұрайын дегенім жоғары әскери оқу орындарына түсу талаптары қандай?
Администратор 19.05.2009
Қазақстанда болашақ офицерлерді дайындау төрт жоғарғы әскери оқу орындарда жүзеге асырылады: 1.Құрлық әскерлері Әскери институты (Алматы қ.) мотоатқыштарды, десантшыларды, танкистерді, арттиллеристер мен автомобилистерді, тыл мамандарының инженерлерін дайындайды. 2. Әуе қорғанысы күштері Әскери институты (Ақтөбе қ.) ұшқыштарды, штурмандар мен жерүсті инженерлік-техникалық қызметкерлерін дайындап шығарады. 3. Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институты (Алматы қ.) байланысшыларды, әуе шабуылына қарсы әскерлер офицерлерінің және автоматтандырылған басқару жүйесі инженерлерінің дайындығын жүзеге асырады. 4. Қорғаныс министрлігінің Әскери институты (Алматы қ.) болашақ әскери аудармашылдар мен тәрбие саласының офицерлерін оқытады. Сонымен қатар, сержант-кәсіпкер болғысы келетін үміткерлер Кадет корпусында білім алуға болады. Таңдап алынған әскери оқу орнына түсу үшін 20 маусымға дейін құжаттар ресімделетін және медициналық, психологиялық тексеріс жүргізілетін тұрғылықты мекенжайдың қорғаныс істері жөніндегі басқармасына (бөліміне) өтініш жасауыңыз қажет. Іріктеуден өткен кандидатқа 10 шілдеге дейін қорғаныс істері жөніндегі департамент арқылы оқу орнына келетін уақыты хабарланады. Іріктеу конкурсы 15-30 шілде аралығында (Кадет корпусына – 20 маусымнан 5 тамыз) жүгізіледі және іріктеу барысында келесі талаптарға сәйкестігі тексеріледі: 1) денсаулық жағдайы; 2) дене тәрбиесі; 3) жеке психологиялық сапалары; 4) Ұлттық біріккен тест баллы. ҰБТ-тің профильдік пәндері болып табылады: - ФИЗИКА – Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік, Құрлық әскерлері және Әуе қорғанысы күштері Әскери институттары үшін; - ШЕТЕЛ ТІЛДЕРІ – Қорғаныс министрлігінің Әскери институты үшін: Кадет корпусына оқуға түсетін үміткерлер математика, Қазақстан тарихы мен қазақ (орыс) тілінен тест тапсырады.