Мемлекет басшысының «Дағдарыс арқылы жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру және іске асыру барысы бойынша Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігімен Интернет-конференция

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Мемлекет Басшысының «Дағдарыс арқылы жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру және жүзеге асыру барысы бойынша Интернет-конференция өткізіп жатыр. Қойылған сұрақтарға жауаптардың барлығы «электрондық үкімет» Порталында ағымдағы жылдың 18 мауысымда жарияланады.

  • Сұрақтар: 27
  • Жауаптар: 17
  • 18.05.2009
  • 19.05.2009
  • Министерство обороны РК

Байжан Күмісжан 18.05.2009, Сұрақ нөмірі:

  • 0

Даниал Кенжетайұлы! Сіз Қазақстан велоспорт Федерациясының президентісіз. Қазір Италияда тамаша өнер көрсетіп жатқан «Астана» велотобының болашағы қандай?

Администратор 19.05.2009

«Астана» велотобы ең алдымен әлемдік спорт аренасында еліміздің атын шығарып жүрген мақтанышымыз. Құрамында Армстронг, Контадор, Лифаймер сынды әлемге танымал спортшылардың болуы бірталай жайдан сыр берсе керек. Бұл велошабандоздардың спорттағы жетістіктері де, өмірлік ұстанымдары да әріптестеріне үлгі болатыны даусыз. Командада орын алған шағын проблемалар шешімін тапты деуге болады. Алдағы күндерге келсек, бәрі де ойлағанымыздай болуы керек. Команда барлық ірі жарыстарға шығып, былтырғыдан кем түспес нәтиже көрсетеді деп сенемін. Күз айларында команданы белгілі велошабандоздарымыз Винокуров пен Кашечкин толықтырады деп ойлаймын. Оған барлық негіз бар. Жалпы, болашаққа сеніммен қараймын.