Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтің 2009 жылғы 6 наурызғы «Дағдарыс арқылы жаңару мен даму» атты Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру барысы және түсіндіру бойынша Мәдениет және ақпарат министірлігінің қатысуымен өткізілетін интернет-конференциясы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекет Басшысының «Дағдарыс арқылы жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру және жүзеге асыру барысы бойынша Интернет-конференция өткізіп жатыр. Қойылған сұрақтарға жауаптардың барлығы «электрондық үкімет» Порталында ағымдағы жылдың 29 мамырда жарияланады.
- Сұрақтар: 26
- Жауаптар: 25
- 29.05.2009
- 29.05.2009
- ҚР Мәдениет және Ақпарат министрлігі
Сыздық Динара 29.05.2009, Сұрақ нөмірі:
Сәлеметсіз бе!
Мені қатты ойландыратын мәселе киноиндустрия саласы!
Бұл сферада қандай жетістіктерге қол жеткіздік? Еңбектеріміз жемсті ме?
Администратор 29.05.2009
Соңғы жылдары біз отандық кинематографияның жаңа өрлеуінің куәсі болып жүрміз. Көптеген жас, талантты актерлар мен режиссерлердің жобалары көптеп көрсетілуде. Мұның өзі қазақстандық кинематографияның мол әлеуеті бар екенін көрсетеді. Қазіргі таңда Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясының материалдық-техникалық базасын заман талабына сай жабдықтауға мемлекет тарапынан қомақты қаржы бөлініп отыр. Бұл шараның негізінде Қазақстан мен Орталық Азия аймағында барлық киноөндіруші ұйымдар түсіретін фильмдерді жоғары техникалық сапамен шығару ойы жатыр. Осы оңтайлы өзгерістер нақты нормативтік-құқықтық базаны жетілдіруді қажет етті. Осыған орай қазіргі таңда Қазақстан Республикасының «Мәдениет туралы» Заңына толықтырулар мен өзгерістер енгізіліп жатыр. Қолданыстағы заңда кинематография саласы толыққанды жазылмағандықтан, осы заңды түбегейлі түрде пысықтауға тура келді. Сонымен қатар соңғы жылдары кинематографиялық мамандықтар бойынша кадрларды дайындау жұмысы жүргізіліп келеді. Әсіресе шетелдік өнер мен киноинженерлік оқу орындарында Елбасының «Болашақ» бағдарламасы бойынша оқып жатқан жастар саны жылдан жылға көбейіп келе жатыр.