Мемлекет Басшысының «Дағдарыс Арқылы Жаңару Мен Дамуға» Атты Қазақстан Халқына Жолдауын Түсіндіру Және Іске Асыру Барысы Бойынша Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Министрлігімен Интернет-Конференция

Қазақстан Республикасы Туризм және Спорт министрлігі Мемлекет Басшысының «Дағдарыс арқылы жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру және жүзеге асыру барысы бойынша.

  • Сұрақтар: 19
  • Жауаптар: 19
  • 01.12.2009
  • 03.12.2009
  • ҚР Туризм және спорт министрлігі

Мухамадиев Султан Арманұлы 01.12.2009, Сұрақ нөмірі:

  • 0

Көптеген мемлекеттің өзіндік ерекшелегін бейнелейтін бренді болады. Ал Қазақстанның өзіндік туристік бренді бар ма?

Администратор 02.12.2009

Әрине, біздің басты брендіміз, сөз жоқ, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Себебі бүкіл әлемдік қауымдастық оны біледі және құрметтейді. Елбасымыздың сындарлы саясатының арқасында біз осындай экономикалық табысқа, саяси тұрақтылыққа қол жеткізіп отырмыз. Мемлекет басшысы бүкіл әлемнің Қазақстанға назар аударуына көп еңбек сіңірді. Дегенмен, Копенгаген үшін су перісі немесе Канада үшін үйеңкі жапырағы сияқты елімізде ресми түсінікте қолданылатын брендіміз жоқ. Алайда, таяу арада әлемдік қауымдастық Қазақстанды біздің қар барысымызбен байланыстырып, танитындығына сенімім мол. Сөз орайында айта кетейін, 2011 жылы өтетін 7-ші қысқы Азия ойындарының бойтұмары осы қар барысы болып отыр. Сонымен қатар төрінде бірегей ғажайып Бәйтерек кешені бар елордамыздың да қазіргі уақытта шет елдік туристер арасындағы танымалдығы артып келеді. Қазіргі уақытта елімізде «Жеті керемет» конкурсы өтіп жатыр. Аталған шараның негізгі мақсаты - туристік мүмкіндігімізді насихаттау және Қазақстанның жағымды туристік имиджін құру. Дегенмен осы байқауға және туристік брендті жасауға кез-келген азамат өз үлесін қоса алады.