Ел басының «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру және іске асыру барысы жөніндегі Жамбыл облысы әкімшілігімен Интернет-конференциясы
Жамбыл облысы әкімшілігі Ел басының «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру және іске асыру барысы жөніндегі Интернет-конференция өткізіп жатыр. Қойылған сұрақтарға жауаптардың барлығы «электрондық үкімет» Порталында ағымдағы жылғы 11 қарашада жарияланады.
- Сұрақтар: 24
- Жауаптар: 24
- 09.11.2009
- 10.11.2009
- Жамбыл облысы әкімшілігі
Тоқтамыс 09.11.2009, Сұрақ нөмірі:
Қадірлі облыс әкімі, Бөрібай Биқожаұлы!
Сізге хат жазып отырған Меркі ауданының ақсақалы. Табиғаты тамаша жерде орналасқан ауданның халқы бүгінде «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы мен жергілікті «Қазақстан-Тараз» телеарнасын көре алмауда. Бұл мәселе іргемізде жатқан Т.Рысқұлов ауданына да ортақ екенін естуім бар. Газет-журналдан бөлек, облыс, республика көлеміндегі күнделікті жаңалықтарды телеарналардан естіп, білгіміз келеді. Осы мәселе шешімін тапса деген тілегімді жеткізсем деп едім. Құрметпен, Тоқтамыс ақсақал.
Администратор 11.11.2009
«Қазақстан» Ұлттық телеарнасы мен «Қазақстан-Тараз» телеарнасының Меркі мен Т.Рысқұлов аудандарында көрсетпеуі Қырғызстан Республикасында орналасқан «Западная» стансасында телевизиялық тасымалдауыш қуатының төмендігі салдарынан болып отыр. Мәселені шешу мақсатында «Қазақстан» Республикалық Телерадиокорпорациясы» АҚ-ның тарапынан қуаты 1000 Вт телерадиотасымалдағыш алынып, оны Қырғызстан Республикасында орнату үшін екі ел арасында келісім сөздер жүргізілуде. Мәселе жақын арада оң шешімін табады деп күтілуде.