Ел басының «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру және іске асыру барысы жөніндегі Жамбыл облысы әкімшілігімен Интернет-конференциясы

Жамбыл облысы әкімшілігі Ел басының «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру және іске асыру барысы жөніндегі Интернет-конференция өткізіп жатыр. Қойылған сұрақтарға жауаптардың барлығы «электрондық үкімет» Порталында ағымдағы жылғы 11 қарашада жарияланады.

  • Сұрақтар: 24
  • Жауаптар: 24
  • 09.11.2009
  • 10.11.2009
  • Жамбыл облысы әкімшілігі

Жасулан 09.11.2009, Сұрақ нөмірі:

  • 0

Құрметті Бөрібай Биқожаұлы! Мен Тараз қаласының тұрғыны, музыка пәнінің мұғалімімін. Өзіңіз білетіндей, облыста талантты бүлдіршіндер көп. Аймақта олардың музыкалық кәсіби білім алуына жағдай жасалмаған. Осыған орай, «облыста оқушыларға арналған музыка мектебін ашу 2010 жылдың жоспарына енгізілген бе?» деген сұрақты өзіңізге, өңір басшысы ретінде жолдағым келеді.

Администратор 11.11.2009

Тараз қаласындағы «Астана» мөлтек ауданында 2010 жылы «Балалар өнер» мектебін ашу жоспарланып отыр.