Ел басының «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру және іске асыру барысы жөніндегі Жамбыл облысы әкімшілігімен Интернет-конференциясы
Жамбыл облысы әкімшілігі Ел басының «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру және іске асыру барысы жөніндегі Интернет-конференция өткізіп жатыр. Қойылған сұрақтарға жауаптардың барлығы «электрондық үкімет» Порталында ағымдағы жылғы 11 қарашада жарияланады.
- Сұрақтар: 24
- Жауаптар: 24
- 09.11.2009
- 10.11.2009
- Жамбыл облысы әкімшілігі
Ерік 09.11.2009, Сұрақ нөмірі:
Мен Тараз қаласының тұрғынымын - жер телімін алуға 2007 жылдан кезекте тұрмын. Жер қашан беріледі;
Администратор 11.11.2009
Бүгінгі күнге Тараз қаласы аумағында тұрғын үй құрылысы үшін бос алаптар болмағандықтан, жер учаскелерін жеке азаматтарға беру тоқтатылған. Осыған байланысты облыс орталығының аумағын 5954 гектарға ұлғайту жөніндегі облыс әкімдігі мен облыс мәслихатының бірлескен шешімі қабылданып, қазіргі кезде шешімге келісім алу үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына ұсынылып отыр. Осымен қатар қаланың Бас жоспарын бекіту шаралары бірге жүргізілуде. Ал, облыс орталығынан жер учаскесін тұрғын үй құрылысы үшін алуға байланысты жеке азаматтардан келіп түскен өтініштер қала әкімдігімен тіркеуге алынуда. Тұрғын үй құрылысын жүргізу үшін жер учаскелерін беру Тараз қаласының Бас жоспары бекітілгеннен кейін басталады.