Ел басының «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру және іске асыру барысы жөніндегі Жамбыл облысы әкімшілігімен Интернет-конференциясы

Жамбыл облысы әкімшілігі Ел басының «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру және іске асыру барысы жөніндегі Интернет-конференция өткізіп жатыр. Қойылған сұрақтарға жауаптардың барлығы «электрондық үкімет» Порталында ағымдағы жылғы 11 қарашада жарияланады.

  • Сұрақтар: 24
  • Жауаптар: 24
  • 09.11.2009
  • 10.11.2009
  • Жамбыл облысы әкімшілігі

Жаңатастықтар 09.11.2009, Сұрақ нөмірі:

  • 0

Құрметті Бөрібай Биқожаұлы! Жаңатас қаласындағы аудандық мәдениет үйінің артындағы спорт мектебіне қарасты бокс залына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілсе деген ұсынысым бар. Бұл мәселе оң шешімін тапса Серік Қонақбаев, Бақтияр Артаев, Ермахан Ыбырайымов сынды боксшылар көптеп шығар ма еді.

Администратор 11.11.2009

2010 жылы Жол картасы аясында спорт саласының бірнеше нысандарына 100 млн. теңгеге жөндеу жұмыстары жүргізілмек, оның ішінде аталмыш спорт ұйымының жөндеуден өткізілуі жоспарлануда.