«Өңірдегі аумақтарды дамыту стратегиясы туралы» Шығыс-Қазақстан облысы әкімі Б. Сапарбаевтың интернет-конференциясы
2009 жылғы 22 желтоқсан күні сағат 9.00 бастап сағат 18.00 дейін Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 6 наурыздағы «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына жолдауын іске асыруды ақпараттық сүйемелдеу шеңберінде Шығыс-Қазақстан облысы әкімінің интернет-конференциясы өтеді. Интернет-конференция қорытындылары 2009 жылғы 23 желтоқсан күні орналастырылды
- Сұрақтар: 30
- Жауаптар: 30
- 22.12.2009
- 22.12.2009
- Шығыс Қазақстан облысы Әкімшілігі
Хайсина Жанат 22.12.2009, Сұрақ нөмірі:
Сәлеметсіз бе, құрметті Бердібек Мәшбекұлы!
Менің аты-жөнім Хайсина Жанат Болатқызы. Абай ауданының Қарауыл ауылында тұрамын. Алдымен Сізге барша аудан тұрғындарының атынан облыс орталығына ұлы Абай ескерткішін орнатудағы табанды еңбегіңіз үшін аудан тұрғындары атынан ризашылықпен рахмет айтамын.
Менің сұрағым төмендегідей:
Семей ядролық полигон аймағында тұруына байланысты зейнеткерлікке шығу жасын төмендету мәселесі таяу арада шешіле ме? Осыны білгім келеді.
Администратор 23.12.2009
«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 1997-жылғы 20-шы маусымдағы №136-1 Заңының 9 бабының 1-ші тармағына сәйкес, зейнетақы төлемдері ер адамдар 63 жасқа толған кезде, әйел адамдар 58 жаска толған кезде тағайындалады. Белгіленген мерзімнен ерте зейнетақы төлемдері: Қазақстан Республикасының «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» Заңына сәйкес, төтенше радиациялық қауіпті және де ең жоғары радиациялық қауіпті аймақтарда 1949 жылдың 29-шы тамызынан 1963 жылдың 5-ші шілдесіне дейін кемінде 10 жыл тұрған: - ер адамдарға 50 жасқа толғанда жалпы жұмыс өтілі 25 жылдан кем болмаған жағдайда, - әйел адамдарға 45 жасқа толғанда, жалпы жұмыс өтілі 20 жылдан кем болмаған жағдайда тағайындалады. Төтенше радиациялық қауiптi аймаққа Семей облысының Абай ауданындағы Сарыжал селолық Кеңесiнiң, Бесқарағай ауданындағы Долон және Бөденелi селолық Кеңестерiнiң, Жаңасемей ауданындағы Сарыапан және Иса елдi мекендерiнiң аумақтары жатады. Ең жоғары радиациялық қауiптi аймаққа Семей облысының Абай, Абыралы, Бесқарағай және Жаңасемей аудандарының елдi мекендерi, Павлодар облысының Май ауданындағы Ақжар және Малдар селолық Кеңестерi жатады. Басқа да радиациялық қауiптi аймақтарда тұрған азаматтарға жеңілдік шартпен зейнетақы тағайындау заңнамамен қарастырылмаған.