«Өңірдегі аумақтарды дамыту стратегиясы туралы» Шығыс-Қазақстан облысы әкімі Б. Сапарбаевтың интернет-конференциясы

2009 жылғы 22 желтоқсан күні сағат 9.00 бастап сағат 18.00 дейін Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 6 наурыздағы «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына жолдауын іске асыруды ақпараттық сүйемелдеу шеңберінде Шығыс-Қазақстан облысы әкімінің интернет-конференциясы өтеді. Интернет-конференция қорытындылары 2009 жылғы 23 желтоқсан күні орналастырылды

  • Сұрақтар: 30
  • Жауаптар: 30
  • 22.12.2009
  • 22.12.2009
  • Шығыс Қазақстан облысы Әкімшілігі

Роллан 22.12.2009, Сұрақ нөмірі:

  • 0

Сәлеметсіз бе, құрметті Бердібек Мәшбекұлы! Менің атым Роллан. Абай ауданында мемлекеттік, бюджеттік салаларында жұмыс істейтін жас мамандарға, жас отбасыларына тұрғын үйлер салына ма? Оларға мемлекет тарапынан тұрғын үй сатып алуға қандай көмек көрсетіледі?

Администратор 23.12.2009

2009 жылы аудандық бюджет есебінен 2 тұрғын пәтерлер сатып алынып, олар ауылға жұмысқа келген жас маман дәрігерге және жас маман- педогогке пайдалануға берілді. Абай ауданында 2010 жылы тұрғын үйлер салуға бюджетте қаражат қаралманған. Тұрғын үй сатып алуға бюджеттен қаражат бөлінсе, бюджет саласында жұмыс істейтін жас мамандарға, жас отбасыларына үй беру мүмкіндігі қарастырылады.