«Өңірдегі аумақтарды дамыту стратегиясы туралы» Шығыс-Қазақстан облысы әкімі Б. Сапарбаевтың интернет-конференциясы

2009 жылғы 22 желтоқсан күні сағат 9.00 бастап сағат 18.00 дейін Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 6 наурыздағы «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына жолдауын іске асыруды ақпараттық сүйемелдеу шеңберінде Шығыс-Қазақстан облысы әкімінің интернет-конференциясы өтеді. Интернет-конференция қорытындылары 2009 жылғы 23 желтоқсан күні орналастырылды

  • Сұрақтар: 30
  • Жауаптар: 30
  • 22.12.2009
  • 22.12.2009
  • Шығыс Қазақстан облысы Әкімшілігі

Айдар 22.12.2009, Сұрақ нөмірі:

  • 0

Сәлеметсіз бе, Бердібек Мәшбекұлы! Менің атым Айдар. Жеке кәсіпкермін. Менің сұрағым: Бюджеттік салада жұмыс істейтін адамдар, зейнеткерлер жалақыларына, зейнетақыларына экологиялық қосымша төлемдер алады. Ал, жеке кәсіпкерлікпен айналысатын, шаруа қожалықтарында жұмыс істейтіндерге экологиялық қосымша төлем берілмейді. Былай қарасаңыз бәріміз бір жерде тұрамыз, бір аумен демаламыз. Осыған жауап берсеңіз.

Администратор 23.12.2009

Құрметті Айдар! Қазақстан Республикасы «Семй ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 13 бабында еңбек ақыға радиациялық қатер аймағына байланысты қосымша еңбек ақы еңбек қатынастары болған жағдайда жұмыс берушімен төлеңеді. Осы Заңмен кзделген қосымша еңбек ақы бюджет саласындағы кызметкерлерге республикалық және жергілікті бюджеттің қаражатынан, жеке кәсіпкерлер, шаруа қожалықтары, т.б. жұмыскерлеріне өз қаражаты есебінен төлейді. Жұмыс берушімен қосымша еңбек ақы төленбеген жағдайда жұмыскер жергерлікті жердегі мемлекеттік еңбек инспекторына арыздануы керек.