Ел басының «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру және іске асыру барысы жөніндегі Қызылорда облысы әкімшілігімен Интернет-конференциясы
Ел басының «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру және іске асыру барысы жөніндегі Қызылорда облысы әкімшілігімен Интернет-конференциясы
- Сұрақтар: 23
- Жауаптар: 21
- 23.12.2009
- 24.12.2009
- Қызылорда облысының әкімшілігі
Ерғали Демисин 23.12.2009, Сұрақ нөмірі:
Қызылорда қаласында көркейту-көгалдандыру жұмыстары жүргізіліп, жаңадан скверьлер мен аллеялар, спорт және ойын алаңдары салынды. Қаламыздың келбеті өзгеріп, жақсара түскеніне қуаныштымыз. Енді осы бағыттағы жұмыстар одан әрі жалғасын табады ма? Және көшені адамдар жинап жүреді. Осы көшелерді тазалайтын, жинайтын арнайы техникалар әкелу жоспарда бар ма?
Администратор 23.12.2009
Қала инфрқұрылымын дамыту бағытында қабылданған «Аула» бағдарламасына сәйкес 2007-2008 жылдарда қаланың әр аумақтарында 18 спорт алаңы салынса, биылғы жылдың өзінде ғана бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі негізінде көпқабатты тұрғын үй аулаларынан кәсіпкерлердің демеушілік көмегімен 15 балалар спорт-ойын алаңдары салынды. Келесі жылы бұл жұмыстар өз жалғасын табатын болады. Биылғы жылы қалада орналасатын 20 аллеялар мен скверлер жоспарланып, олардың эскиздік жобалары әзірленген. Аталған жобалардың 15-і бүгінгі күні аяқталып халық игілігіне пайдалануға берілді. Қалған 5-і келесі жылдың бірінші жартыжылдығында аяқталады деп жоспарлап отырмыз. 2007 жылы облыстық бюджеттен 280 млн. теңге қаражат бөлініп, көше тазалайтын, су себетін арнайы техникалар алынып «Көркейту» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынның теңгеріміне берілген болатын. Үстіміздегі жылы қазіргі заманның талабына сай жаңа үлгідегі техникалар, атап айтқанда көшедегі шаңды соратын, жаңбырдан кейінгі жиналған лас су тартатын, көшенің жалпы санитарлық тазалығына арналған техникалар алу жұмыстары жүргізілмек. Бұл бағытта арнайы жұмыстар жүргізіліп жатыр.