Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың 2009 жылғы 6 наурыздағы «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру және іске асыру мәселелеріне арналған Оңтүстік-Қазақстан облысы Әкімшілігінің Интернет-конференциясы

2009 жылғы 16 қыркүйекте Оңтүстік-Қазақстан облысы Әкімшілігі Мемлекет басшысының «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауының негізгі ережелерін іске асыру мәселелеріне арналған Интернет-конференция өткізеді. Қойылған сұрақтарға жауаптардың барлығы 24 қыркүйекте «электрондық үкімет» Порталында жарияланады.

  • Сұрақтар: 10
  • Жауаптар: 10
  • 16.09.2009
  • 24.09.2009
  • Интернет-конференция с Акиматом Южно-Казахстанской области по разъяснению и ходу реализации послания Президента Республики Казахстан Н. Назарбаева народу Казахстана «Через кризис к обновлению и развитию» от 6 марта 2009 года

Аханов Асхат Махмутович 24.09.2009, Сұрақ нөмірі:

  • 0

Құрметті әкім мырза!!! Оңтүстік өңір халқының негізгі табысы мақта егін шаруашылығына оның ішінде мақтаның маңызы зор екенін білесіз. Сол мақтаны қабылдау пункттері бірігіп “Мақташылар қауымдастығы” монополистік ұйымын құрып мақтаның қабылдау бағасын жылда төмендетіп келді. Биыл да солай жасамасына кім кепіл!? СҰРАҚ: Мақтаның Қазақстандық қабылдау бағасы биыл қандай болмақ? Алдын-ала рахмет!!!

Администратор 25.09.2009

Сұрақтағы «Мақтаны қабылдау пункттері бірігіп «Мақташылар қауымдастығы» монополистік ұйымын құрып, мақтаның қабылдау бағасын жылда төмендетіп келеді» деген мәселеге келсек, біздің облыста «Қазақ мақта ассоциациясы заңды тұлғалардың бірлестігі» жұмыс істейді. Бұл ассоциация құрамына облыстағы мақта өңдеуші ұйымдармен ірі кәсіп орындар кіреді. Бірақ, бұл ассоциацияның мүшелері де, басқа біреу де, мақта бағасының қалыптасуына тікелей ықпал жасай алмайды. Мақта талшығына деген баға Ливерпуль мақта ассоциациясында (яғни, Ливерпуль мақта биржасында) өткен саудаға байланысты, сол бағадан шитті мақтаның бағасы шығарылады. «Мақтаның Қазақстандық қабылдау бағасы биыл қандай болмақ?» деген сұраққа келетін болсақ, соңғы 2-3 жылда, әлемдік қаржы дағдарысына байланысты, дүниежүзі бойынша барлық тауарларға сұраныс төмендеп кетті. Мақтаға және одан өндірілетін өнімдерге деген дүниежүзілік сұраныс кеміп отыр. Биылғы науқанда мақтаның бағасы қандай болатындығын алдағы уақыт көрсете жатар, дегенімен облыс басшылығы өз тарапынан Республика Үкіметімен және тиісті министрліктермен, мақта өсіруші дихандардың жазымен еткен еңбектері заяға кетпей, биылғы мақта бағасының тиімді болуы үшін тікелей жұмыс атқарып отырмыз.