ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ А.И. МЫРЗАХМЕТОВТІҢ ҚАТЫСУЫМЕН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІ Н.Ә.НАЗАРБАЕВТЫҢ ЖОЛДАУЫНЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫН ӨҢІРЛЕРДЕ ІСКЕ АСЫРУ БАРЫСЫ ТУРАЛЫ ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯ

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі А. И. Мырзахметовтің қатысуымен Елбасының «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» 2012 жылғы 14 желтоқсандағы Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын өңірлерде іске асыру барысы туралы" тақырыбында өтетін Интернет-конференция

  • Сұрақтар: 44
  • Жауаптар: 44
  • 09.04.2013
  • 11.04.2013
  • Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі А. И. Мырзахметов

Маметова Гулимхан 11.04.2013, Сұрақ нөмірі:

  • 0

Елбасы өз жолдауында «Басқаруды орталықсыздандыру» жайлы айтты. Ол бойынша біздің өңірде қандай жұмыстар атқарылмақ?

Администратор 12.04.2013

Құрметті Гүлімхан! Жергілікті өзін өзі басқаруды дамыту тұжырымдамасына сәйкес жергілікті өзін өзі бас¬қа¬ру жүйесін реформалау – көп жылдардан бері келе жатқан күр¬меулі мәселелердің түйінін тар¬қа¬туға ықпал етеді. Ауыл әкімдері тек мемлекет бюджетіне ғана қа¬рап отырады. Қаражатты да өз еркімен басқара алмайды. Жер¬гілікті халықтың барлық өкпесі мен наразылығы да оның мойнына түседі. Сол себепті, жаңа реформа аясында елді мекендерді дамытуға бөлінетін қаржының игерілуіне, жергілікті өзін өзі басқаруға басқаша көзбен қарайтын боламыз. ҚР Президентінің Жарлығымен «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыруға байланысты Жалпыұлттық шаралар жоспары бекітілді. Орталықтан жергілікті органдарға құқықтар мен қажетті ресурстарды беруді көздейтін басқаруды орталықсыздандыру таяу уақытта мемлекеттік органдар арасындағы өкілеттіктерді нақты ажыратуға, жергілікті атқарушы органдарды қажетті өкілеттермен нығайтуға бағытталған заңдар қабылданатын болады. Президенттің шешімі бойынша биыл ауыл әкімдері мәслихаттар арқылы сайланатын болады.