Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың 2009 жылғы 6 наурыздағы «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру және іске асыру мәселелеріне арналған Оңтүстік-Қазақстан облысы Әкімшілігінің Интернет-конференциясы
2009 жылғы 16 қыркүйекте Оңтүстік-Қазақстан облысы Әкімшілігі Мемлекет басшысының «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауының негізгі ережелерін іске асыру мәселелеріне арналған Интернет-конференция өткізеді. Қойылған сұрақтарға жауаптардың барлығы 24 қыркүйекте «электрондық үкімет» Порталында жарияланады.
- Сұрақтар: 10
- Жауаптар: 10
- 16.09.2009
- 24.09.2009
- Интернет-конференция с Акиматом Южно-Казахстанской области по разъяснению и ходу реализации послания Президента Республики Казахстан Н. Назарбаева народу Казахстана «Через кризис к обновлению и развитию» от 6 марта 2009 года
Бақытжамал Есенова 16.09.2009, Сұрақ нөмірі:
Құрметті Асқар Исабекұлы, сізге қояр сауалымыз Шымкент қаласындағы жолаушылар тасымалдайтын автобустар мен газельдердің қозғалысын қадағалайтын мекеме немесе орган бар ма?
Ішіне сыйғанынша адам алып, бір-бірімен жарысып, ішіндегі адамдарға қауіп туғызып, санитарлық және техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтамайды. 15 адамға арналған газельдер 20-25 адамға дейін алады. Содан кейін, қаламыздың шетіндегі мөлтек аудандарға қатынайтын автобустар кешкі сағат 19:00 – ден кейін өздерінің межелі жеріне бармайды. Бұл жайттар туралы өзіңізге «Бетпе-бет» бағдарламасында баяндадық, бірақ баяғы жартас, сол жартас күйінде қалып қойды. Осы мәселе қашан түбегейлі шешіледі?
Администратор 18.09.2009
Бүгінгі таңда, қалалық қоғамдық көлік бағыттарының жұмысын бақылау құзыреті Шымкент қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне жүктелген. Қазақстан Республикасының көлік және коммуникациялар министрлігінің 2004 жылғы 10 наурыздағы N113-І бұйрығы мен бекітілген «Жолаушыларды және багажды автомобиль көлігімен тасымалдау» Ережесінің 189 бабына сәйкес, жолаушылардың және багаждың қалалық және қала маңындағы тұрақты автомобиль тасымалдарының маршруттарындағы шағын автобустарда отырып қана, отыратын орындар санынан аспайтын мөлшерде, олардың жасаушы кәсіпорын белгілеген паспорттық сыйымдылығына сәйкес жолаушыларды тасымалдауға және шағын автобустардың салонын толтыруға ғана рұқсат етіледі.