Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың 2011 жылғы 28 қаңтардағы «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» Жолдауының басымды бағыттарын өңірдегі жүзеге асыруы туралы» Атырау облысындағы өткізілетін Интернет-конференция
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтің 2011 жылғы 28 қаңтардағы «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» Жолдауының басымды бағыттарын өңірдегі жүзеге асыруы туралы» Атырау облысындағы өткізілетін Интернет-конференция
- Сұрақтар: 19
- Жауаптар: 17
- 17.05.2011
- 19.05.2011
- Атырау облысының әкімдігі
Кабделов Ерлан 18.05.2011, Сұрақ нөмірі:
Жергілікті баспасөз беттерінде АНПЗ-ны жаңғырту жобалары жүзеге асырылатындығы жөнінде мәліметтер бар, осы жобаға жұмысқа орналасудың қандай мүмкіндіктері бар?
Администратор 18.05.2011
Бұл жұмысты «Синопэк Инжиниринг» компаниясының филиалы жүргізуде. Облыс әкімдігі ағымдағы жылғы 29 наурызда жұмыссыз азаматтар мен «Аджип ҚКО» компаниясы филиалының жобасы «Болашақ» зауытының құрылысынан босатылған қазақстандық мамандарды жұмысқа орналастыру жөнінде «Синопэк Инжиниринг» компаниясының басшылығымен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды. Меморандумға сәйкес шамамен 1700 адам жұмысқа орналастырылуы тиіс. Сондықтан өз түйіндемеңізді жергілікті жұмыспен қамту органдарына жолдай аласыз.