ҚР Көлік және коммуникация министрлігі Елдің үдемелі индустриалдық-инновациялық даму бағдарламасының негізгі бағыттары бойынша көлік-коммуникациялық кешенінде инвестициялық жобаларды жүзеге асыру жөнінде интернет-конференциясы
2009 жылғы 8 қазанда Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Елдің үдемелі индустриалдық-инновациялық даму бағдарламасының негізгі бағыттары бойынша көлік-коммуникациялық кешенінде инвестициялық жобаларды жүзеге асыру жөнінде интернет-конференция өткізеді.
- Сұрақтар: 13
- Жауаптар: 11
- 08.10.2009
- 08.10.2009
- Министерство транспорта и коммуникаций РК
Сәлеммен Сайлаубек 08.10.2009, Сұрақ нөмірі:
Сіздерден сұрайын дегенім Өзен қаласыныан көші Түркімен еліне темір жол басталды. Сонда деймін қай тұста қандай стаса мен разез салынады. Сосын жол біткен соң жолаушы пойызы бола ма, жоқ әлде тек жүк тасыла ма бұл жолмен?
Администратор 09.10.2009
Өзіңіз білетіндей ағымдағы жылғы 30 қыркүйекте Елбасының қатысуымен Өзен – Түркіменстанмен мемлекеттік шекара жаңа темір жол желісінің құрылысы басталды. Жаңа темір жолдың салыну барысында 2 станция және 5 разъезд салынады. Атап айтқанда Болашақ, Бопай станциялары, Бастау Ақбөпек, Тайғыр, Құрмаш, және Бестөрткүл жаңа разъездері салынады. Сонымен қоса жаңа темір жолдың құрылысымен қатар темір жолдың жұмысшыларына тұрғын үйлер, қажетті әлеуметтік нысандар салынады. Жаңа темір жолы іске қосылғаннан кейін жүк те, жолаушылар да тасымалы ұйымдастырылатын болады.