«Өңірдегі аумақтарды дамыту стратегиясы туралы» Шығыс-Қазақстан облысы әкімі Б. Сапарбаевтың интернет-конференциясы
2009 жылғы 22 желтоқсан күні сағат 9.00 бастап сағат 18.00 дейін Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 6 наурыздағы «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына жолдауын іске асыруды ақпараттық сүйемелдеу шеңберінде Шығыс-Қазақстан облысы әкімінің интернет-конференциясы өтеді. Интернет-конференция қорытындылары 2009 жылғы 23 желтоқсан күні орналастырылды
- Сұрақтар: 30
- Жауаптар: 30
- 22.12.2009
- 22.12.2009
- Шығыс Қазақстан облысы Әкімшілігі
Жунусаова Айжан Шаяхметқызы 22.12.2009, Сұрақ нөмірі:
Мен, Молодежный кентінде 2004ж бастап әкемнің үйінде ағаммен бауырыммен тұрып келемін. 2005ж туған бір ұлым бар. Күйеуім 2007ж қайтыс болған. Өзім 2009ж жоғарғы білімім заңгер дипломын алғам, тұратын жерімнен білімім бойынша жұмыс таба алмай үйде отырмын. Көп жерде қысқарту жүріп жатыр, ал кейбер жер тәжірибең жоқ деп жұмысқа алмады. Аудан әкіміне барып жағдайымды айтып әлеуметтік жағдайы нашарлар қатарына жатқызып тұрғын үйге кезекке қойды. Енді үй салынып болғанда сен әенің үйінде тұрасын деп маған ұй берме отыр. Негізі осы үйді салғанда ҚР елбасы бұл үй әлеуметтік жағдайы нашарларға салынады делінген. Бірақ олай болмады. Бұл үйге мемлекеттік жұмыстағыларға беріліп отыр. Сізден сұрайтынын осы тұрғын үй туралы жағдайды тексеріп, аңықтап беруіңізді өтінем және жұмыс жағынан көмектесуіңізді сұраймын
Администратор 23.12.2009
Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтар тізімінде № 319 болып тұрған Молодежный кентіндегі 10 үй 52 әкесінің пәтерінде ұлымен екеу ғана тіркелген, пәтердің ауданы 67,48 шаршы метр жаңадан салынған 80 пәтерлік үйден пәтер берілмеу себебі, жаңадан салынған үйде ең кіші пәтер екі бөлмелі, пәтер ауданы 60,33, бір бөлме пәтер болмағандықтан.