Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың 2009 жылғы 6 наурыздағы «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру және іске асыру мәселелеріне арналған Солтүстік-Қазақстан облысы Әкімшілігімен интернет-конференция

2009 жылғы қыркүйектің 25 сі мен 30-ы аралығында Солтүстік Қазақстан облысы Әкімшілігі Мемлекет басшысының «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауының негізгі ережелерін іске асыру мәселелеріне арналған Интернет-конференция өткізеді. Қойылған сұрақтарға жауаптардың барлығы «электрондық үкімет» Порталында ағымдағы жылғы 30-шы қыркүйекте жарияланады.

  • Сұрақтар: 24
  • Жауаптар: 24
  • 25.09.2009
  • 30.09.2009
  • Интернет-конференция с Акиматом Северо-Казахстанской области по разъяснению и ходу реализации послания Президента Республики Казахстан Н. Назарбаева народу Казахстана «Через кризис к обновлению и развитию» от 6 марта 2009 года

Муфтахитдинова Дина 30.09.2009, Сұрақ нөмірі:

  • 0

Мемлекет басшысының үстіміздегі жылғы Жолдауына сәйкес Жол картасы бойынша көптеген адамдар оқытудан өтіп, мамандық алды және жұмысқа орналасты. Оқыту біздің аудан орталығында өтті. Бұл жұмыс жалғасын таба ма?

Администратор 30.09.2009

Кадрларды даярлау және қайта даярлау жиі кездесетін мәселелердің бірі. Сондықтан, облыстың кәсіптік лицей базаларында кадрларды даярлау және қайта даярлау жүргізілді. Ауданымызда үстіміздегі жылы «Аспаз» мамандығы бойынша 20 жұмыссыз оқып шықты. Қазіргі уақытта 20 жұмыссыз «Аспаз» мамандығы бойынша және 20 - «Газэлектр дәнекерлеуші» мамандығы бойынша оқып жатыр. Оларға стипендия төленеді. Жақында құрылыс мамандықтарына оқыту курстары ашылады. Сондай-ақ, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің желісі бойынша облыстың әр түрлі оқу орындарынан «Электромонтер», «Пісіруші-кондитер», «Аспаз», «Машинист-тракторист», «Шаштаразшы» мамандықтары бойынша 32 жұмыссыз оқытудан өтті. Үстіміздегі жылы оқытуға барлығы 2,7 млн.теңге жоспарланған, есепті күнге 1,5 млн. теңге игерілді. «Сантехник», «Плиточник», «Тұрмыстық техника шебері» мамандықтары бойынша оқытуға 15 жұмыссызды жіберу жоспарланған. Оқыту баспана, стипендия, жол және медициналық куәландыру шығынын төлей отыра жүргізіледі.