Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың 2009 жылғы 6 наурыздағы «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына жолдауын іске асыру қорытындылары жөніндегі Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі интернет-конференция өткізеді.
2009 жылғы желтоқсанның 11-і күні Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың 2009 жылғы 6 наурыздағы «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына жолдауын іске асыру шеңберінде Интернет-конференция өткізеді. Қойылған сұрақтарға жауаптардың барлығы ағымдағы жылғы 12 желтоқсан күні «электрондық үкімет» Порталында жарияланады
- Сұрақтар: 20
- Жауаптар: 20
- 11.12.2009
- 12.12.2009
- Министерство культуры и информации Республики Казахстан
Мария Сафиева 11.12.2009, Сұрақ нөмірі:
Сәлеметсіз бе, біздің мемлекетіміз қазіргі таңда өзінің қарқынды дамуының арқасында дүние жүзіне танымал мемлекеттердің біріне айналды. Бірақ осындай ілгері дамып келе жатқан мемлекетте ауыл мәдениетін көтеру мәселесі әлі де өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Осыған не айтар едіңіз? Қандай іс-шаралар қолдану тиіс? Мария Сафиева, Батыс Қазақстан, Жәнібек ауылы.
Администратор 11.12.2009
Сіз өзіңіздің сұрағыңызда біздің қоғамымыздағы өте өзекті мәселелердің бірін көтеріп отырсыз. Бүгінгі күні Қазақстан Республикасы халқының жартысына жуығы (47 %) ауылдық жерлерде мекендейтіндіктен, ауыл мәдениетін көтеру бағытында ілгерілеу үрдістері байқалады. Оған дәлел ауылдағы мәдениет мекемелері санының өсу қарқыны, олардың материалдық-техникалық базаларының баяу болса да ілгерілеу екпіні. Мәселен, тек ауылдық кітапханалар саны 2008 жылдың 1 қаңтарына 3682 бірлікті құраса, бүгінгі күнге 4 мыңнан асып отыр. Сондай-ақ, елді мекендерді мәдениет мекемелерімен қамтамасыз ету нормасы бүгінгі күнге Сенат депутаттарының қарауындағы «Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасында қаралған. Сонымен қатар, қазіргі кезде еліміздің ауылдық аумақтарын дамыту бойынша болашаққа бағытталған бағдарлама жобасы әзірленуде. Аталған жобада көпшілік ауылдық елді мекендерді мәдениет мекемелерімен қамтамасыз ету және мәдениет нысандарын салу шаралары кеңінен қамтылған. Тағы атап өтетін жайт, «Жол картасы» жобасын іске асыру барысында 181 мәдениет нысандарының күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарына жалпы 4 млрд. 503 млн. 290 мың теңге, оның ішінде республикалық бюджеттен 3 млрд. 830 млн. 600 мың теңге, жергілікті бюджеттен 672 млн. 690 мың теңге қаржы бөлінді және еңбек ресурстарына 9382 жұмысшы жұмысқа тартылды.