Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың 2009 жылғы 6 наурыздағы «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына жолдауын іске асыру қорытындылары жөніндегі Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі интернет-конференция өткізеді.
2009 жылғы желтоқсанның 11-і күні Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың 2009 жылғы 6 наурыздағы «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына жолдауын іске асыру шеңберінде Интернет-конференция өткізеді. Қойылған сұрақтарға жауаптардың барлығы ағымдағы жылғы 12 желтоқсан күні «электрондық үкімет» Порталында жарияланады
- Сұрақтар: 20
- Жауаптар: 20
- 11.12.2009
- 12.12.2009
- Министерство культуры и информации Республики Казахстан
Бақыт Күзембаев 11.12.2009, Сұрақ нөмірі:
Құрметті Құл-Мухамед мырза, мен, Бақыт Күзембаев, Ақтау қаласындағы орта мектептің тарих пәнінің мұғалімі сізге келесі сұрағымды жолдаймын. Қазіргі таңда, біздің бірқатар азаматтарымыз шетелдерде жерленген танымал қандастарымыздың сүйегін атамекенге әкеліп, қайта жерлеу туралы мәселені көтеріп жүр. Осы орайда атқарылып жатқан іс-шаралар туралы айтып берсеңіз? Жұмыста үлкен табыс тілейміз!
Администратор 11.12.2009
Бақыт, соңғы кездері шетелдерде жерленген танымал қандастарымыздың сүйегін атамекенге әкеліп, қайта жерлеу туралы мәселе жиі көтеріліп жүргені рас. Бұл мәселені жалпы, этика шеңберінде сондай-ақ, саяси және адамгершілік тұрғыда қарастырған жөн деп ойлаймын. Мысалы, Сирияның астанасы Дамаск қаласында өмір сүріп, дүниеден өткен ұлы бабамыз әл-Фарабидің бейіті ескі Дамаскінің орталық бөлігінде, ең үлкен және көне Әл әл-Бейіт (Пайғамбарлар әулетінің тұрағы) зиратында, Мұхаммед пайғамбардың әйелі – Хавса кесенесінен 50 метр жерде орналасқанын атап өту қажет. XIII ғасырда Египет және Сирия жерін басқарған билеуші, ұлы қолбасшы Сұлтан Бейбарыс та Дамаск қаласында жерленгені белгілі. Сұлтан Захер Бейбарыс пен оның ұлы Сұлтан әл-Саид Әбу әл-Маали Насреддин Барақтың бейіттері Дамаск қаласының орталығындағы Омеядтар мешіті мен қамалының жанында орналасқан. Ұлы бабаларымыздың сол жерлерде жатқаны біздің халқымыздың қандай тағдырды басынан кешкенінінің бір ескерткіші сияқты. Егер «Бұл жерде қазақтың осындай ұлы перзенті жатыр» деп белгі қойып, еліміздің туын тігіп, мемлекеттік деңгейде шарт жасап, қамқорлыққа алсақ, әлдеқайда оңды да тағылымды шара болар еді деп есептеймін. Осы орайда бүгінгі күні Қазақстан Үкіметі Сирия мемлекетімен бірлесе отырып, жоғарыда аталған тарихи ескерткіштерді қалпына келтіруге бағытталған бірқатар шараларды жүзеге асыруда. Атап айтқанда, бүгінгі таңда Дамаск (Сирия) қаласында әл-Фараби тарихи-мәдени орталығы мен кесенесі салынуда және Сұлтан Бейбарыстың кесенесін қайта жаңғыртылуда. Каир (Египет) қаласында Сұлтан Бейбарыстың мешіті қалпына келтірілуде.