«Өңірдегі аумақтарды дамыту стратегиясы туралы» Шығыс-Қазақстан облысы әкімі Б. Сапарбаевтың интернет-конференциясы
2009 жылғы 22 желтоқсан күні сағат 9.00 бастап сағат 18.00 дейін Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 6 наурыздағы «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына жолдауын іске асыруды ақпараттық сүйемелдеу шеңберінде Шығыс-Қазақстан облысы әкімінің интернет-конференциясы өтеді. Интернет-конференция қорытындылары 2009 жылғы 23 желтоқсан күні орналастырылды
- Сұрақтар: 30
- Жауаптар: 30
- 22.12.2009
- 22.12.2009
- Шығыс Қазақстан облысы Әкімшілігі
Қалиев Ермек Қайратұлы. 22.12.2009, Сұрақ нөмірі:
Көшелерді жөндеу жұмыстары жалғаса ма?
Администратор 23.12.2009
Зайсан қаласындағы Боқажанов атындағы күрделі жөндеуге 53 млн. теңге қарастырылып, жұмыстар жүргізілді. Зайсан қаласының көшелерін, Қаратал, Шілікті, Дайыр ауылдарының бір-бір көшелерін жарықтандыруға 14 млн. теңге қаржы бөлініп, жұмыстар жүргізілді. Орталық көшелерді жөндеуге 163 млн. теңгенің құжаттар пакеті дайын. Бұл жұмыстар жыл сайын жалғасын табатын болады.