«Өңірдегі аумақтарды дамыту стратегиясы туралы» Шығыс-Қазақстан облысы әкімі Б. Сапарбаевтың интернет-конференциясы

2009 жылғы 22 желтоқсан күні сағат 9.00 бастап сағат 18.00 дейін Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 6 наурыздағы «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына жолдауын іске асыруды ақпараттық сүйемелдеу шеңберінде Шығыс-Қазақстан облысы әкімінің интернет-конференциясы өтеді. Интернет-конференция қорытындылары 2009 жылғы 23 желтоқсан күні орналастырылды

  • Сұрақтар: 30
  • Жауаптар: 30
  • 22.12.2009
  • 22.12.2009
  • Шығыс Қазақстан облысы Әкімшілігі

Асқаров Мирас 22.12.2009, Сұрақ нөмірі:

  • 0

Құрметті әкім мырза! Өткенде Өскеменде уазиктер шығады деп естідік. Анау Нива мен Шевролетті жетістіріп шығарып жатыр ма? Жалпы жергілікті автозаводты қолдағанымыз дұрыс па өзі?

Администратор 24.12.2009

2009 жылғы 20 қарашада Ялта қаласында Ресей Үкіметінің Төрағасы Владимир Путин және Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовтің қатысуымен ТМД үкімет басшыларының Кеңесі отырысы барысында «Азия Авто» АҚ және «Соллерс» ААҚ арасында Қазақстан Республикасы аумағында «УАЗ» автомобильдерін құрастыру жөніндегі бірлескен өндіріс құру туралы ниеттік туралы меморандумға қол қойылды. Алдын ала өткен келіссөздер қорытындысы бойынша 2010 жылы Өскемен қаласында «Азия Авто» АҚ зауыты базасында «УАЗ» автомобильдерін құрастыру мүмкіндігін ұйымдастыру мүмкіндігі қаралды. «УАЗ» маркілі автомобилдер республика аумағында ресми түрде сатылатын автомобиль маркісі сатылым көрсеткіштері бойынша үшінші болып табылады. Жоба шеңберінде шығару көлемі жылына шамамен 5500 автомобильді құрайды, бұл қазақстан нарығында осы маркалы автомобильдеріне ішкі қажеттілігін толық жабады. «Азия Авто» АҚ құрастыру жабдығы кешенінің негізі ретінеде «VALMET AUTOMOTIVE» заманауи фин фирмасының жабдығы алынды. Ол жоғарғы деңгейдегі автомобилдер жинақтаудың техникалық үдерісіне және сынақтарына қойылатын барлық белгіленген талаптарға сай болып табылады. Технологиялық көлік жабдығы LADA-21093 автомобилін өндіру үшін жасалған және басқа жеңіл автомобиль түрлерін құрастыруды игеруге арналған икемді. Кешенде әмбебап құрастыру, сынау жабдығы және жетекші әлемдік өндірушілердің құралы бар. Ерекше стендтер және LADA-21213/214, SKODA Octavia, SKODA Superb автомобиль түрлерін игеруге арналған қондырғылар ШҚО жергілікті кәсіпорындарында, сондай-ақ «Азия Авто» АҚ көмегімен жасалды. Жабдық кең ашық цехтерде жинақталған және оңтайлы жолмен өндірістік міндеттерді орындау үшін құрастырылды. Автомобильдерді әзірлеуді басқару барлық өндірістік және коммерциялық үдерістерді байланыстыратын автоматты басқаруы жүйесі арқылы жүзеге асырылады. «Азия Авто» АҚ-ның сапа менеджменті жүйесіне ISO-9001:2008 халықаралық стандарты бойынша «TUV International Certtification» беделді германия органы сертификат берді.