«Өңірдегі аумақтарды дамыту стратегиясы туралы» Шығыс-Қазақстан облысы әкімі Б. Сапарбаевтың интернет-конференциясы
2009 жылғы 22 желтоқсан күні сағат 9.00 бастап сағат 18.00 дейін Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 6 наурыздағы «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына жолдауын іске асыруды ақпараттық сүйемелдеу шеңберінде Шығыс-Қазақстан облысы әкімінің интернет-конференциясы өтеді. Интернет-конференция қорытындылары 2009 жылғы 23 желтоқсан күні орналастырылды
- Сұрақтар: 30
- Жауаптар: 30
- 22.12.2009
- 22.12.2009
- Шығыс Қазақстан облысы Әкімшілігі
Қатира Жалгизбаева 22.12.2009, Сұрақ нөмірі:
Менің ағам дорожный картамен жұмыс істеді. қыс басталды. жұмыс жоқ. ендігі жылы қалай болады? Әлде ағам жұмыссыз қала ма? Қатира.
Администратор 23.12.2009
Мемлекет басшысының 2009 жылғы 6 наурыздағы «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына жолдауын іске асырау мақсатында 2010 жылы «Жол картасы» бағдарламасы қайтадан жалғасады. Сондықтан, Сіздің атыңызға Аягөз аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арқылы жұмысқа осы бағдарлама негізінде орналасуға мүмкіндік бар екенін және де қыс айларында таңдаған мамандығы бойынша «Жол картасы» бағдарламасы негізінде қайта даярлаудан өтіп, қосымша мамандық алуға болатынын хабарлаймыз.