«Өңірдегі аумақтарды дамыту стратегиясы туралы» Шығыс-Қазақстан облысы әкімі Б. Сапарбаевтың интернет-конференциясы
2009 жылғы 22 желтоқсан күні сағат 9.00 бастап сағат 18.00 дейін Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 6 наурыздағы «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына жолдауын іске асыруды ақпараттық сүйемелдеу шеңберінде Шығыс-Қазақстан облысы әкімінің интернет-конференциясы өтеді. Интернет-конференция қорытындылары 2009 жылғы 23 желтоқсан күні орналастырылды
- Сұрақтар: 30
- Жауаптар: 30
- 22.12.2009
- 22.12.2009
- Шығыс Қазақстан облысы Әкімшілігі
Ерлан Шүршетбай 22.12.2009, Сұрақ нөмірі:
Ұлан ауданында "Нұрлы көш" бағдарламасы қай уақыттан бастап іске асады
Администратор 29.12.2009
2009 жылы облысымызда іске асырып жатқан «Нұрлы көш» Бағдарламасының шеңберінде Курчатов қаласына тұрғылықты тұру мақсатында квота алмаған, азаматтық алмаған оралман отбасылары жолданады. Осы ретте олардың құжаттары тексеруден өткізіліп, дайындалу үстінде. Қазіргі уақытта 2007-2008-2009 жылдары квота алған, азаматтығы шығып кеткен оралман отбасыларын да «Нұрлы көш» Бағдарламасына енгізу сұрағы пысықталуда. «Нұрлы көш» Бағдарламасының 2010 жылға арналған пилоттық жобасы ретінде Ново-Явленка ауылы белгіленіп отыр. Осыған орай, «Нұрлы көш» Бағдарламасына қатысу мүмкіншілігіңізді қарастыру үшін құжаттарыңызды алып, ШҚО бойынша көші-көн Комитетінің департаментіне хабарласуыңызды сұраймыз. (Мекен-жайымыз: Мызы к-сі 5/1, байланыс тел: 26-07-30)