Ел басының «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру және іске асыру барысы жөніндегі Қызылорда облысы әкімшілігімен Интернет-конференциясы
Ел басының «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру және іске асыру барысы жөніндегі Қызылорда облысы әкімшілігімен Интернет-конференциясы
- Сұрақтар: 23
- Жауаптар: 21
- 23.12.2009
- 24.12.2009
- Қызылорда облысының әкімшілігі
Нұрлан Аманбайулы 23.12.2009, Сұрақ нөмірі:
Аймақтың индустрияландыру картасы аясында қандай инвестициялық жобалар жүзеге асырылуда?
Администратор 24.12.2009
Өздеріңізге белгілі, Елбасының елдің экономикасын жедел дамыту мақсатында берген тапсырмасына сәйкес қазіргі таңда Қазақстан Республикасының үдемелі (форсированный) индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы жасақталуда және осы бағдарлама аясында Қазақстанның индустрияландыру Картасын әзірлеу жұмыстары аяқталуға жақын. Индустрияландыру Картасы республикалық және аймақтық болып бөлінеді және республикалық картаға құны 50 млн. АҚШ долларын құрайтын маңызды жобалар енгізілсе, аймақтық картаға одан төмен жобалар енгізіледі. Республикалық индустрияландыру Картасына Қызылорда облысынан жалпы құны 191,4 млрд. теңге құрайтын 9 басымды инвестициялық жобалар ұсынылып, оның ішінде нақты 2 жоба еңгізілді. 1. РЗА ЖШС-нің тауарлы-сүт фермасын ұйымдастыру (1464 млн.теңге), 2. «Кристалл Менеджмент» ЖШС-нің Ақшабұлақ кенішінде газотурбиналық электрстансасының құрылысы (17755 млн.теңге). Қалған 7 жобаны енгізу бойынша қарқынды жұмыстар жүргізілуде. Аймақтық индустрияландыру картасына бүгінгі күнге жалпы құны 26,7 млрд.теңге тұратын 19 инвестициялық жоба енгізіліп, жобалар бойынша толық мәлімет ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің «Инвестициялық жобалармен басқару» ақпараттық жүйесіне (веб-порталы) орналастырылса, 50-ге жуық жобаларды енгізу жұмыстары атқарылуда. Жалпы 2010-2014 жылдар аралығында осы инвестициялық жобалар жүзеге асырылған жағдайда шамамен 230,4 млрд. теңге көлемінде облыс экономикасына инвестиция салынады және жаңадан 7329 жұмыс орны ашылу көзделуде. Нәтижесінде бұл жасалынып жатқан шаралар өңірдің экономикасының серпінді дамуына септігін тигізетіні сөзсіз.