Ел басының «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру және іске асыру барысы жөніндегі Қызылорда облысы әкімшілігімен Интернет-конференциясы

Ел басының «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру және іске асыру барысы жөніндегі Қызылорда облысы әкімшілігімен Интернет-конференциясы

  • Сұрақтар: 23
  • Жауаптар: 21
  • 23.12.2009
  • 24.12.2009
  • Қызылорда облысының әкімшілігі

Перузия Ахметова 23.12.2009, Сұрақ нөмірі:

  • 0

Облыс көлемінде әр елді мекенде спорт инструкторларының жұмысы ұйымдастырылды. Бұл игілікті істеріңізге облыс тұрғындары атынан алғысымды білдіргім келеді. Бұл шаралар балаларымыздың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға және спортпен шұғылдануға үлкен септігін тигізуде. Сондықтан осы жұмыстар келесі жылы да жалғастырылса деген ұсынысым бар.

Администратор 23.12.2009

Бұқаралық спорт түрлерімен жүйелі айналысу үлкен спортқа алғашқы баспалдақ және салауатты өмір салтын қалыптастыру, ішімдік ішу, темекі тарту, нашақорлық сияқты әлеуметтік зиынды әдеттерден аулақ болып, қоғамдық тәртіпті бұзушылық пен қылмыстың алдын алудың негізгі тиімді құралының бірі екенін кез-келген тұрғын жақсы біледі. Осы орайда, 2009 жылы облыста бұқаралық спортпен жүйелі шұғылданушылар санын (2008 жылы республикалық көрсеткіш 15 пайызды құраса, облысымызда бұл көрсеткіш 7,2 пайызды құрады) республикалық орта көрсеткішке жеткізу, осы арқылы облыс тұрғындары арасында салауатты өмір салты қағидаттарын орнықтырып, олардың денсаулығын нығайту, жұмыссыздық деңгейін төмендету және облыстағы жалпы білім беретін орта мектептердің, сонымен қатар, қала, аудан орталықтары, ауылдарда спорт залдары мен алаңдарын тиімді пайдалану үшін облыстық туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасына әлеуметтік тапсырыс арқылы осы жұмысты атқаруға 81 млн.теңге қаржы бөлінді. «Қайнар» спорт клубы қоғамдық бірлестігі әлеуметтік тапсырысқа бөлінген қаржыға 141 штаттық бірлік негізінде 212 спорт нұсқаушылары жұмысқа қабылданып, нәтижесінде 114 елді мекенде спорттың 17 түрінен 25380 адам тұрақты шұғылдануда. Осыған орай, алдағы жылы жоғарыда аталған жұмыстар өз жалғасын табатын болады. Атап айтқанда бұқаралық спортты дамытуға облыстық бюджеттен 2010 жылға 81 млн. теңге бөлінді. Белгіленген қаржыға 157 штаттық (2009 жылы 141) бірлік негізінде спорт нұсқаушылары жұмыс жасайды деп күтілуде. Нәтижесінде 2009 жылмен салыстырғанда спорт нұсқаушыларының саны 16 штаттық бірлікке артып, спортпен тұрақты шұғылданушылар саны 2880 адамға ұлғаяды.