ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ "ЖАҢА ОНЖЫЛДЫҚ - ЖАҢА ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨРЛЕУ - ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРІ" АТТЫ ЖОЛДАУЫН ТҮСІНДІРУ ЖӘНЕ НАСИХАТТАУ БОЙЫНША АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ ӘКІМДІГІМЕН ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯ

Алматы облыстық әкімдігі "ЖАҢА ОНЖЫЛДЫҚ - ЖАҢА ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨРЛЕУ - ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРІ" атты ҚР Президентінің Жолдауын түсіндіру және насихаттау бойынша Интернет-конференция өткізеді. Барлық сұрақтарға жауаптар ағымдағы жылғы 26 наурызда "электрондық үкімет" порталында жарияланатын болады.

  • Сұрақтар: 26
  • Жауаптар: 26
  • 16.03.2010
  • 26.03.2010
  • Акимат Алматинской области

А. ИСКАНДЕРОВ. 30.03.2010, Сұрақ нөмірі:

  • 0

Мемлекет басшысының Жолдауында экспортқа бейімделген өндірістер құруға аса маңызды орын беріледі. Алайда, дәл қазіргі кезде отандық тауарлар өздерінің сапасының төмендігі себебінен ғана емес, өзіндік құнының тым жоғарылығы кесірінен де бәсекеге қабілетсіз болып отыр. Өзімізде өндірілетін электр қуатының тапшылығы салдарынан Қазақстан Республикасы бойынша ең жоғары тариф Алматы облысында (Талдықорған аймағы үшін – 1 Квт-сағат 12,32 теңге болса, Алматы аймағы үшін – 1 Квт-сағат 11,38 теңге). Мұның өзі шығарылатын өнімнің өзіндік құнын өсіріп жібереді. Бұл проблема қалай шешілмек?

Администратор 31.03.2010

Үкімет елімізді өндірістендірудің нақты картасын жасады, онда қай жерде не салынатыны белгіленіп қойылған. Соған сәйкес Алматы облысында алдағы бес жылдың ішінде екі ірі электр стансысы – Балқаш ТЭС-і (2640 МВт) мен Мойнақ ГЭС-і (300 МВт) салынады. Сонымен қатар облысымызда 2016 жылға дейін жалпы қуаты 376 МВт болатын 28 шағын ГЭС пен 3 жел электр стансысын пайдалануға беру көзделіп отыр. Осылайша облыстың энергияға зәрулігі мәселесі шешіледі, мұның өзі экономиканың дамуына оң ықпал етеді.