Мемлекет басшысының «Дағдарыс арқылы жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру және іске асыру барысы бойынша Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігімен Интернет-конференциясы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Мемлекет Басшысының «Дағдарыс арқылы жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру және жүзеге асыру барысы бойынша Интернет-конференция өткізіп жатыр. Қойылған сұрақтарға жауаптардың барлығы «электрондық үкімет» Порталында ағымдағы жылдың 5 қазанда жарияланады.
- Сұрақтар: 28
- Жауаптар: 28
- 01.10.2009
- 01.10.2009
- ҚР Ішкі істер министрлігі
Жанұзақова Несібелді 01.10.2009, Сұрақ нөмірі:
Отбасыммен қаланың ортасындағы көпқабатты үйде тұрамыз, кішкентай баламыз бар. Көрші маңайдағы ойын-сауық мекемелерінде түнгі 23.00-ден кейін музыка, айқай-шу, соңы төбелеске ұласып жатады. Жұрттар салют атып, түні бойы мазамызды алады. Бол бейбастықты қалайша тоқтатуға болады?
Администратор 02.10.2009
Кешкі сағат 23.00 бастап таңертеңгі сағат 6.00 дейінгі аралықта түнгі тыныштықты бұзған кезде ішкі істер органдарына, оның ішінде «102» телефоны бойынша хабарласа аласыз, осыдан кейін полиция қызметкерлері ойын-сауық орындарының иелерін әкімшілік жауапкершілікке тарту бойынша шаралар қабылдайтын болады. Ағымдағы жылдың 8 айы ішінде жалпы республика бойынша түнгі тыныштықты бұзғаны үшін 30 мыңға жуық адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар тәжірибе көрсетіп отырғандай, тұрғындардан шағым болмаған жағдайда, осы мекемелердің иелері бұл шу (дыбыстар, музыка) азаматтардың демалысына да тыныштығына да кедергі жасамайды деп мәлімдейді, осыған байланысты салынған әкімшілік жазаға наразылық білдіреді.