Мемлекет басшысының «Дағдарыс арқылы жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру және іске асыру барысы бойынша Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігімен Интернет-конференциясы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Мемлекет Басшысының «Дағдарыс арқылы жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру және жүзеге асыру барысы бойынша Интернет-конференция өткізіп жатыр. Қойылған сұрақтарға жауаптардың барлығы «электрондық үкімет» Порталында ағымдағы жылдың 5 қазанда жарияланады.
- Сұрақтар: 28
- Жауаптар: 28
- 01.10.2009
- 01.10.2009
- ҚР Ішкі істер министрлігі
Жанайдар 01.10.2009, Сұрақ нөмірі:
Менің бір танысым қылмысты боп, қолға түскен. Бірақ ол біреулерге пара беріп, істі жауып тастаған көрінеді. Оны өзі бір отырыста мақтанып айтып қойды. Меніңше, ол тиісті жазасын тартуы керек. Бұл жөнінде қай жерге хабар беруге болады?
Администратор 02.10.2009
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы арызбен Сіз осы құқық бұзушылық жасалған жер бойынша Ішкі істер департаментінің Өзіндік қауіпсіздік басқармасына, сондай-ақ қаржы полициясы мен ұлттық қауіпсіздік органдарына хабарлай аласыз.